ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА ЖАҚСЫ НӘТИЖЕЛЕР БАР

73

0

ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА ЖАҚСЫ НӘТИЖЕЛЕР БАРКүллі әлем
экономикасындағы жағдай бұрынғысынша күрделі күйінде қалып отырғанына
қарамастан, Қазақстанда 2016 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша
жалпы ішкі өнім өсімі 0,1пайызды құрады. Бұл туралы Қазақстан Үкіметінің
отырысында республика Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлімдеген
еді.

 

Мәжілісте аталып өтілгеніндей,
республика экономикасының негізгі салалары – өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы,
құрылыс, сауда, көлік, байланыс бойынша дамудың оңды серпіні байқалады. Аталған
кезеңде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 8,5 пайызға ұлғайды.
Инвестициялардың ең салмақты өсуі ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларында
байқалып отыр.

Қазақстанның негізгі экспорты мұнай
мен металл бағаларының төмендеуі салдарынан 2016 жылдың алғашқы бес айында
экспорт көлемі 31 пайызға қысқарды. Нәтижесінде сыртқы сауда айналымы 30
пайызға төмендеді. Сонымен бірге
Қ.Бишімбаев сыртқы сауда сальдосы 4,5 млрд АҚШ доллары көлемінде оң сақталғанын
атап көрсетті.

Қазақстанда орташа номиналды жалақы
9,9 пайызға өсіп, 133,5 мың теңгені құрады. Инфляция үстіміздегі жылдың басынан
бастап 4,6 пайызды құрап отыр.

Мәжілісте «Нұрлы жол” мемлекеттік
бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің едәуір өскені
айтылды. Мемлекет қаражаты есебінен 262 мың шаршы метр үй пайдалануға берілді.
Ал жылдың соңына дейін қосымша 309 мың шаршы метр тұрғын үй алаңын пайдалануға
беру жоспарланып отыр.

Үстіміздегі жылдың алғашқы жарты
жылдығының қорытындысы бойынша облыс экономикасында бірқатар оңды
көрсеткіштерге қол жеткізілді. Бірінші бесжылдықта іске асырылған
Индустрияландыру картасының 17 жобасының 11-і толық қуатта іске қосылды. Мұнай
саласынан бөлек өндірістің өсімі жалғасуда. Алты айда өңдеуші өндірістің өсімі
салыстырмалы кезеңмен алғанда 123,3 пайызды құрады. Облыста шикізатқа деген
тәуелділікті төмендету мақсатында металлургия мен басқа да өндірістік жобаларды
дамыту жұмыстары жалғасуда. Шыны зауытының құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Нысанға құрал-жабдықтар келе бастады. Облыста 2017 жылдың алғашқы
жартыжылдығында алғашқы өнім шығарыла бастайды.

Аталған кезеңде облыста 220 мың
шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2015 жылдың осы уақытымен
салыстырғанда 10 пайызға артық. Осы жарты жылда 1,5 мыңға жуық отбасы баспана
жағдайын жақсартты.

Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту
мақсатында жуырда ғана облыста 6600 отбасы жеке үй құрылысы үшін жер
учаскелерін алды.

Үстіміздегі жылдың алты айының
қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің түсім болжамы 24 пайызға артығымен
орындалды. Оның ішінде жергілікті бюджеттің болжамы 27 пайызға артығымен
орындалып отыр. Нәтижеде бюджеттің кіріс бөлігі 5,7 млрд теңгеге өсті. Қазірдің
өзінде облыстық бюджеттің меншікті кірістері өткен жылғы көрсеткішпен 4 млрд
теңгеге артық немесе 38,7 млрд теңгеден 42,7 млрд теңгеге артып отыр.

Жыл басынан бері республикалық
бюджеттен облысқа 82 млрд теңге көлемінде мақсатты трансферттер мен несиелер
тартылды. Бұл республика бойынша Алматы қаласы және Солтүстік Қазақстан
облысынан кейінгі үшінші көрсеткіш.

 

Ж.ӘЛМАХАН.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз