ЖАС ҒАЛЫМНЫҢ ЖАҢА МОНОГРАФИЯСЫ

91

0

Жақында саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Болашақ» ғылыми-зерттеу институтының директоры М.Насимовтың «Сананы жаңғыртудың 6 бағыты: мәні, мазмұны және түсініктері» атты жаңа монографиясы жарық көрді. Ғылыми монографияда Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұсынылған тұтас қоғамның және әрбір қазақ-стандықтың санасын жаңғыртудың 6 бағытының мәні, мазмұны және түсініктеріне сараптама жүргізіледі.
Монография алты бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде бәсекелік қабілеттің негізгі белгілері мен ерекшеліктері айқындалады. Екінші бөлімі прагматизм ұғымының ғылыми түсініктеріне арналған. Келесі бөлімде ұлттық бірегейліктің мәні мен түсініктері сарапталады. Төртінші бөлімде білімнің салтанат құруы мәселелері қарастырылады. Бесінші бөлім қоғамның эволюциялық дамуының жалпы көріністерін анықтайды. Ал, соңғы бөлімде сананың ашықтығы әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бағыты ретінде айқындалады.
Бұл монография «Болашақ» ғылыми-зерттеу институтының әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығында әзірленді. Пікір берушілер алқасында саяси ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының профессоры С.Мұсатаев, саяси ғылымдарының докторы, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Ә.Қайдарова, тарих ғылымдарының докторы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Т.Сәтбай секілді танымал ғалымдар бар.
Ғылыми монография облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен жарық көріп отыр.

М.ЖАСҰЛАНҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз