ЖАСТАР ҮШІН АЙНЫМАС БАҒЫТ

71

0

ЖАСТАР ҮШІН АЙНЫМАС БАҒЫТ«Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы  қазақстандық қоғамның және Мәңгілік елдің рухани даму тұжырымдамасы.  Осы арқылы ел мәдениеті жаһандық кеңістікке қанат қағады, ал білімі мен ғылымы инновациялар мен технология өрісіне өркен жаяды.  
Қазіргі заман қажырлы еңбекті, қайратты күресті талап етеді. Ұдайы жаңғыру жолынан таймаған мемлекеттер ғана кезекті тарихи белесіне көтеріледі. Оны тарих талай мәрте дәлелдеді.
Мемлекет басшысының «Біз ұлттық кодымызды сақтап, болмысымызды жат идеологиялардан қорғауымыз керек» деген пікірі жастар үшін айнымас бағыт болып, алдағы кезеңнің алтын арқауы болуы тиіс. Жасампаздық танытып, ұдайы жаңғыру жолынан таймаған мемлекеттер ғана кезекті тарихи белесіне көтеріледі.      
Латын әліпбиіне көшу  жаңа уақыт талабы. Біз осы арқылы ғана әлемдік ғылым қақпасын еркін аша аламыз.  
А.Сабанбаев,
«Жас Отан» ЖҚ ҚОФ төрағасы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз