ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА – ЖАҢА БАҒЫТ

93

0

2013 жылдың желтоқсан айында ҚР Парламенті Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін ұйымдастыру мен өткізу мәселелері жөніндегі заңды қабылдады. Көрме тақырыбының «Бола¬шақтың энергиясы» аталуы өте орынды. Бұл іс-шараның негізгі мақ¬саты – жұртшылықтың назарын энергия ресурстарын ұтымды пайда¬лануға аудару және жаңартылатын энергия көздері мен энергия¬ның басқа да баламалы көздерін пайдалануды ынталандыру.
Халықаралық көрме елімізге жаңа технологияларды тартуға мүм¬кіндік береді. Бұл техно¬ло¬гиялар баламалы энергетиканы дамы¬туға, «жасыл» энергетиканы өркендетуде алдыңғы қатар¬дағы елдермен тәжірибе алмасуға, кли¬мат¬тың өзгеруі мен көмірқышқыл газының шы¬ғарындыларына байланысты мәселелерді тиімді шешуге, сондай-ақ жаңартылатын энергия көз¬дері тақырыбына бизнес-қоғамдастықтың назарын аударуға үлкен әсері болады.
Жаңартылатын энергия – таусылмайтын көз¬дерден алынатын энергия. Бұл энергияны пайдаланудың негізгі қағидаты оны қоршаған ортада үнемі болып жататын процестерден алуға және оны өндірістік әрі тұрмыстық қажеттілікке пайдалануға саяды. Аталған энергия табиғи жолмен жаңарып тұратын табиғи ресурстардан алынады. Жаңартылатын энергия көздері деген ұғым энергияның мынадай нысандарын: күн энергиясын, геотермальды энергияны, жел энергиясын, теңіз толқынының, ағыстардың, судың толуының және мұхиттың энергиясын, биомасса энергиясын, гидроэнергияны, әлеуеті төмен жылу энергиясын және жаңартылатын энергияның басқа да «жаңа» түрлерін қамтиды.
Энергия тұтыну – адамзат тіршілігінің міндетті шартына айналды. Оны қамтамасыз етуде экологиялық таза энергия өндіру заман талабы. Сондықтан да жаңартылған энергия көздерін дамытуға барынша атсалысқанымыз абзал. Қазіргі  кезеңде  қоршаған ортаның  мәселелері  үнемі елдің назарында. Олар әртүрлі әлемдік симпозиумдарда, ғылыми конференцияларда  кеңінен талқыланып келеді. Өкінішке орай, экология мәселелері және оның барлық аймақтар ¬дамуына қандай қауіпті әсері болатындығын Қазақстанда өте жақсы біледі. Біздің ел Кеңес заманында Аралдың құрғап кетуі және Семей полигоны сияқты экологиялық мәселелерді бастан кешті. Адамдардың тікелей қатысуымен және су ресурстарын негізіне сай тиімді қолданбауы салдарынан теңіз құрғап қалды.
 «Жасыл экономика» ұғымы ғылыми айналымға соңғы 20 жылда еніп, берік орнықты. Ағылшын тілінде жасыл экономиканың «Green economics», «Ecological economics» атты екі баламалы атауы бар, сондықтан да кей жағдайда жасыл экономика «экология (табиғатты қорғау) экономикасы» деп те аталады. «Жасыл экономика» тұжырымдамасы бойынша, экономика – қоршаған ортаның тәуелді бөлігі, қоршаған ортаның белгілі шегінен орын алып, өмір сүреді. «Жасыл экономика» деп адамдардың өмір сапасын арттырып, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ететін, қоршаған ортаға төнетін қатерді азайтып, оның жұтаңдануын болдырмайтын экономиканы айтамыз.
Елбасы  2050 жылға дейiнгi Қазақстанның даму стратегиясында  өндiрiстiк активтердiң ең жаңа технологиялық стандарттарға сай толық жаңартылуына, Қазақстан экономикасының сапалы жаңа «жасыл» технологиялық құрылысқа көшуiне баса назар аударған болатын.  Қазіргі таңда дүниежүзінің көптеген  елдері  жасыл  экономика  принципін  қабылдаған. Осы мемлекеттердің экономикалық  даму   саясаты   өнеркәсіптік  өндіріс өсімін  оңтайландыруға және қоршаған ортаға үнемді көзқарасқа негізделеді.
2013 жылдың  1  маусымында  ел  Президенті  «жасыл  экономи¬каға» өту  Тұжырымдамасы жөніндегі Жарлыққа қол қойды. «Жасыл технологиялар» – табиғи ресурстарды сақтауға және жерді ұты쬬ды пайдалануға, қазып алынатын отынды тұтынуды қысқартуға бағытталған технологиялар; өнімдерді қайта өңдеу мен қайтадан  пайдалану және қалдықтарды кәдеге  жарату, қалпына кел¬тірілетін энергия көздерін пайдалану болып табылады.  
«Жасыл экономика» – ¬Қазақ¬станның 2050 жылға қарай эко¬нм謬¬калық, әлеуметтік, саяси құнды¬лық¬тары¬ның жүйелі дамуының, әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуының басты шарты. «EXPO – 2017» көрмесінің нысандарын жаңартылатын қуат көздері есебінен электр қуатымен қамту мақсатында қыруар жұмыстар жасалды. «Жасыл экономика» Қазақстан үшін тиімді жоба, себебі, еліміздің  қалыпқа келетін энергия көздерін өндіруде, ауыл шаруашылығында  «жасыл» технологияларды пайдалануда әлеуеті жоғары. Қазақстанда  «жасыл экономиканың»  енгізілуі, энергия тапшылығы мәселесін шешеді, желдің жылдамдығы жоғары аймақтарда (Жоңғар қақпасы, т.б.) ЖЭС (жел электр станциясы), таулы су өзендерінде СЭС-терді дамытуға мүмкіндік беріп, сол арқылы жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, парниктік газдардың шығуын Киото хаттамасына сәйкес, 15 % дейін азайтады, күн энергетикасының көмегімен жайылымға жарамды жерлерде агроөнеркәсіп кешенін дамытады.
Жылу жүйесі баламалы отын көздері негізінде қызмет етіп, табиғи ресурстарды өлшеусіз пайдалану шектеледі. Тағы бір тиімділігі нанотехнология, ақпараттық технология, экономикалық экология салалары бойынша жаңа үлгідегі сапалы мамандар даярлауға жол ашады. Ал «жасыл экономика» нәтижесінде үнемделген қаражат елдің макроэкономикалық деңгейдегі мәселелерін шешуге жұмсалады.
«Шағын істер» принципін қолдана отырып, қазіргі таңда біз экологиялық жағдайлардың жақсаруына үлкен үлес қоса аламыз. Су, электр энергиясы мен басқа да ресурстарды үнемдеу тек қана қоғамдық пайда әкеліп қоймай, отбасылық бюджеттің сақталуына жол ашады.
Көптеген елдерде азаматтардың қарапайым экологиялық нормаларды сақтауы саналы міндетке айналған. Өкінішке қарай, біз үшін бұл нормалар формальды және міндетті емес болып табылады. Егер біз Қазақстанды ұрпақ үшін сақтап қалғымыз келсе, еліміздің өсуі мен өркендеуі туралы ойлайтын болсақ, әрқайсысымыз өзіміздің санамызды өзгертіп, қоршаған ортаға көзқарасты өзгертуіміз керек.
Сондықтан да, әрбір Қазақстан азаматы қазіргі таңда жеке үйлер, аулалар мен көшелер экологиясы болсын, айналасындағы жағдайға өзі жауапты екенін сезінуі тиіс.
Г.СЫДЫКОВА,
техника ғылымдарының кандидаты.
К.ДӘРМАҒАНБЕТОВА,
химия ғылымдарының кандидаты,
профессор.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз