Жат ағымға жақындама

69

0

«Достық үйінде» «Экстремизм және терроризм про­фи­лак­тикасы» тақы­ры­бын­да семинар өтті. Оған облыс ау­ма­ғында про­фи­лак­ти­калық жұмыстар жүр­гі­зетін ақ­па­раттық-түсіндірмелік топ мү­шелері қатысты.
Жиынды облыстық жұ­мыл­дыру да­йын­дығы бас­қар­масының бас­шысы – тер­ро­ризмге қарсы комиссия аппаратының басшысы Серік Сермағамбетов ашып, онда діни экстремизмге және тер­ро­ризмге қарсы іс-қимылдар, аза­мат­тық қорғаныс, жұмылдыру да­йындығы және аумақ­тық қорғаныс салалары бойынша баяндады.
Шараның мақсатына сай «Салауат» оқыту-мәдени ор­та­лығы» ҚБ төрағасы, ҚР Дін іс­тері және азаматтық қоғам ми­нистр­лі­гінің республикалық ақ­па­­рат­тық-насихаттық тобының са­рап­шы-саясаттанушысы, Қа­зақ­стан кине­мато­графтары одағының мү­­шесі Руслан Иржанов «Экстре­мизм және терроризм про­фи­лак­ти­касы» тақырыбында баян­дама жасады.
– Елбасы рухани жаңғыруды мемле­кеттік саясат ре­тінде алға тартып отыр. Ал мемлекеттік саясаттың рухани тұсын қарас­тыратын болсақ, міндетті түрде дін жайында сөз қозғаймыз. Қа­зіргі таңда жалпы қоғамда діни ахуал өзекті мәселелердің біріне айналғаны жасырын емес. Атап айтсақ, деструктивті діни ағым­дардың зардабы қоғамға қауіп төн­діреді. Егер дер кезінде алдын алмасақ, олардың идеоло­гиясы жастарымызды діни экстре­мизм­нің қармауына түсіреді. Сон­дық­тан, Мемлекет басшысы айт­­­қандай, біз өзіміздің ұлттық ко­дымыз ар­­қылы жат пиғылды әрекеттерді қабыл­дамай, рухани күш-қуатымызбен қарсы тұра білуіміз қажет, – деді Руслан Самарханұлы.
Семинарда экстремизм мен тер­ро­ризмге әкелетін қа­уіп-қа­тер­лердің мәні, діни модера­тор­лардың қитұрқы іс-қи­мыл­дары жайлы кеңірек айтылып, оларға тосқауыл жасау және алдын алу жолдары қарастырылды. Қа­ты­сушылар аталған бағытта туын­дайтын мәселелер мен ой-пікір­лерін ортаға салды.
 
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз