Жауапты міндет

51

0

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында: «Осы жолдау арқылы еліміздің әр азаматына жаңа жағдайдағы даму бағытымыз жөніндегі өз көзқарасымды жеткізгім келеді. 
Үкіметке «Қазақстанның Ұлттық технологиялық бастамасы» деп аталатын Елді үшінші жаңғырту жөніндегі 2025  жылға дейінгі дамудың стратегиялық жоспарын әзірлеуді тапсырамын. 
Бізде уақыт талабын лайықты қабыл алып, елімізді одан әрі жаңғырту жөніндегі міндеттерді орындаудан басқа жол жоқ. 
Біздің ұлы халқымыз бірегей тарихи мүмкіндікті толықтай пайдалана алатынына сенемін», – деген болатын. 
Жолдаудағы төртінші бағыт бойынша  білім беру жүйесімен қатар денсаулық сақтау  жүйесіне де өзгерістер енгізілетіні қуантады. 
Биылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттің, жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген әлемдік тәжірибеде тиімділігі дәлелденген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (ММСЖ) енгізілетіндігі айтылды. 
Үкіметке және әкімдерге кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын тапсыра отырып, заңнамалық тұрғыдан  барлық дәрі-дәрмектің бағасын реттеу қажеттігін тағы бір назарға салды.
Осы ретте, медициналық сақтандыру  жүйесіне қатысушыларға кең ауқымдағы медициналық қызметтер көрсету және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының қатысуына мемлекеттің қолдау көрсетуі – біз секілді ақ халатты абзал жандарға жүктелген міндет деп білемін. 
Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер мен мол мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Отан үшін аянбай еңбек етуге шақырамын. 
Ғалымбек БАЙМАХАНОВ,
Қазалы аудандық емханасының меңгерушісі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз