ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАҒЫТ-БАҒДАРЫ

675

1

ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАҒЫТ-БАҒДАРЫФранция елінің моделіне сүйенген жеке сот орындаушылар институтын құруды  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2005 жылы тапсырды. Соның нәтижесінде 2010 жылы жеке сот орындаушыларының құқықтық іргетасы қаланып, ҚР-ның «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осылайша мемлекетімізде жеке сот орындаушылар институты пайда болды. Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш болып мемлекеттік сот орындаушыларымен қатар, сот және басқа актілерді орындаумен жеке сот орындаушылары айналысатын атқарушылық іс жүргізу жүйесін өзгертті. Сол уақыттан бастап мемлекетімізде екі үлгілі жүйе іске қосылды. Олар: мемлекеттік және жеке сот орындаушылар.
2010 жылы қабылданған жаңа заң жеке сот орындаушылардың құқықтық мәртебесін айғақтап, олардың өкілеттілігін нығайтуға бағытталды. Жалпылай алғанда, елімізде жеке сот орындаушылары 2011 жылдан бастап жұмыс жасай бастады. Ал 2015 жылы еліміздің әр аймағындағы өңірлік алқаларды біріктірген республикалық алқа жеке сот орындаушыларының кезектен тыс съезінде тарап, орнына Республикалық палата құрылды. Республика бойынша алғашында жеке сот орындаушыларының саны жүзге жуық болғанымен, қазір 1382-ге жетіп отыр. Бүгінде ҚР жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына Сергей Михайлович Ли төрағалық етеді. 
2016 жылдың 1-қаңтарынан бастап жеке сот орындаушыларының құзыретіне атқару құжаттарының бірқатар санаты өтті, заңнамалық деңгейде жеке сот орындаушыларының өкілеттілігі кеңейтілді.
Тиісінше жеке сот орындаушыларының жүктемесі де күн санап өсіп келеді. 2015 жылы барлық атқару құжаты бойынша орындауда 16 789 іс болса, оның аяқталғаны 4 580-ді құрап отыр. Ал 2016 жылы барлық атқару құжаты бойынша орындауда 64 348 іс болып, оның 30 948-і аяқталды.
Орындауға түскен атқару құжаттарының саны 2015  жылмен салыстырғанда 26,1 пайызға өскен.Тағы бір айта кететін жайт, жеке сот орындаушыларының Қазақстан Республикасы Әділет ми¬нистрлігінің «Атқарушылық іс жүргізу органдарының автомат¬танды¬рылған ақпараттық жүйесіне» қол жеткізуі. 
2015 жылдың 25 ақпанында Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушылары республикалық палатасының Қызылорда облысындағы филиалы заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өтіп, бүгінде аймақтық филиал ретінде өз жұмысын жалғастыруда. Алғашында өңірлік алқасы жұмыс жасаған уақытта аймақта небәрі 9 жеке сот орындаушысы қызмет атқарса, бүгінде олардың саны 48-ге жетті. Қаламызда 35 жеке сот орындаушысы қызмет атқарса, 13-і аудандарда жұмыс жасауда. Мұнан байқайтынымыз, облысымыздың барлық атқарушылық округтері жеке сот орындаушыларының қызметімен қамтылған. Тұтастай алғанда, жеке сот орындаушыларының облыстағы филиалы, өңірлік жеке сот орындаушылар Ұлт жоспарынан туындаған міндеттерді ауқымды түрде жүзеге асырып келеді. Аймақта жоспарлы көрсеткіштерін орындаудың оң динамикасы өскендігі байқалады. Жеке сот орындаушылар институтының болашағы зор. Тұрғындар мен мемлекеттік үкіметтің сенімі де жоғары. Сол сенімнің үдесінен шығу үшін өңірлік жеке сот орындаушылар аянбай еңбек етіп келеді.
Н.САЙМОВ,
Қызылорда облысы жеке сот орындаушылар 
өңірлік палатасының басшысы, 
Қазақстан Заңгерлер одағының мүшесі.
Пікірлер:

Пікір жазыңыз