Жерлесіміз – байқаудың бас жүлдегері

156

0

«Жандану әлемі» қорының жетекшілігімен, Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен ұйымдастырылған «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының ақтық мәресі өтті.

Жоба авторы Әлия Назарбаеваның қатысуымен өткен шарада 16 өңірден келген жеңімпаздар тәлімгерлерімен бірге өнер көрсетті. Концерт 27-28-29 қарашада «КТК» арнасының тікелей эфирінде үш күн қатарынан көрсетілді. Бірінші күні – балалар өз тәлімгерлерімен дуэтте ән орындап, екінші күні –  өзара дуэтте халық әндерін шарқап, үшінші күні әлемдік хиттарды жеке дауыста паш етті.

Жоба жайлы айта кетер болсақ,  «Бала дауысы» – 7-13 жас аралығындағы мектеп оқушылары арасында өтетін ұлттық байқау. Биыл республика көлемінде екінші рет ұйымдастырылды. Осыған орай, мамыр-қыркүйек аралығында байқау төрешілері барлық облысты аралап, таланттарды іріктеп әкелген болатын. Әр аймаққа қазақ эстрадасында өзіндік орны бар әншілер тәлімгер ретінде барды. Музыка майталмандарының шешімімен ақтық мәреге 18 балаға жолдама берілді.

Олар:

  1. Мадина Сәдуақасова және Сапарбай Нұрлыбек және Қасенова Жанель;
  2. Маржан Арапбаева Әйтен Алтынаймен;
  3. Әли Оқапов және Бекболатов Әлихан;
  4. Медеу Арынбаев және Аюпова Ясмин;
  5. Толқын Забира және Қуантқанов Аннұр;
  6. Мақпал Исабекова және Жұмақадырова Медина;
  7. Ақерке Бүркітбай және Бақыт Дияр Берікұлы;
  8. Әсет Арыстанбек және Шамбилова Назерке;
  9. Данияр Өтеген және Елгелді Диана;
  10. Айқын Төлепберген және Нұржанова Зарина;
  11. Әнші Луина шәкірті Ташмаканова Әсел;
  12. Мөлдір Әуелбекова және Ясмин Нұрмақова мен Айтмұғамбетов Бейбарыс;
  13. Қайрат Түнтеков және Мұратова Жанель;
  14. Серік Ибрагимов және Нұрқабаев Дінмұхаммед;
  15. Жұбаныш Жексенұлы шәкірті Михайлюк Анастасия;
  16. Нұржан Керменбаев шәкірті Биманова Назгүл.

Жеңімпазды анықтау – халық тарапынан дауыс беру арқылы және Жеңіс Сейдоллаұлы, Карина Абдуллина, Майра Мұхаммедқызы және Парвиз Назаров сынды әділқазы алқаларының әділ шешімімен жүзеге асты.

Нәтижесінде барлық қатысушы арнайы сыйлықпен марапатталды, ал Бас жүлде иегері музыкалық оқу мекемесіне грант және сиқырлы «Диснейлендке» жолдама иегері атанды.

Жеңімпаздар тізімі:
Бас жүлде – Шамбилова Назерке, Қызылорда облысы. Тәлімгері – Әсет Арыстанбек. Сиқырлы диснейленд әлеміне жолдамамен қатар, «Шабыт» республикалық музыкалық колледжінің грант иегері атанды.

І орын – Нұрлыбек Сапарбай, Алматы қаласы.  Тәлімгері – Мәдина Сәдуақасова. Санкт-Петербург қаласында өтетін «Планета талантов» халықаралық байқауына жолдама берілді.

ІІ орын – Михайлюк Анастасия, Павлодар облысы. Тәлімгері – Жұбаныш Жексенұлы. Қор атынан қомақты сыйлыққа ие болды.

ІІ орын – Бекболатов Әлихан, Батыс Қазақстан облысы. Тәлімгері – Әли Оқапов. Ұйымдастырушылар атынан арнайы сыйлықтың иегері атанды.

«Көрермен көзайымы» номинациясымен Оңтүстік Қазақстан облысынан Нұржанова Зарина марапатталды.

Сонымен қатар барлық қатысушыларға «Жандану әлемі» қорының атынан есімдері көрсетілген мүсіншелер, алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

aikyn.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз