ЖЕТПІС СЕГІЗДЕГІ ЖЕЛАЯҚ

248

0

ЖЕТПІС СЕГІЗДЕГІ ЖЕЛАЯҚЕлбасы дәстүрлі Жолдау¬лары мен сұхбат¬тарында дені сау ұрпақ қалып¬тас¬тыру керектігін баса айтып келеді. Иә, біздің қоғамның басты байлығы – адам және оның денсаулығы. Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейінгі аралықтағы жандардың жағдайы бір сәтке де назардан тыс қалған емес. Оның дәлелі – бірінші байлығымызды жіті қадағалап, сүзгіден өткізетін түрлі медициналық орталықтар. Сондай-ақ, Астана мен Алматыдан бастап сонау шалғайдағы ауылдарға дейін қамтылған спорт алаңдары, үйір¬мелер, тағы басқалар. Бірақ, кейде өз денсаулығымыз өзіміздің қолы¬мызда екендігін ұмытып кете береміз. Жуырда спорт шынымен ұзақ өмірдің, жайдары көңіл-күйдің, қартайғанда да таяқ ұстамай ширақ жүрудің кепілі екенін Әйтеке би кентінің тұр¬ғыны Аққоян ¬Рсалиев ақсақалды көргенде аң¬дадық.
Ол тұратын көпқабатты үйдің ауласына кірген беттен кездесе кеткен кісіні бұрын көрмесем де, жазбай таныдым. Ішкі түйсігім алдамапты. Жүзінен мейірім төгіліп тұрған атай бірден газеттен келгенімді аңғарып, екінші қабатта орналасқан пәтеріне қарай ертіп барды. Ғұмырлық жолдасы Еркін апай екеуі тұратын үйдің ішінен де жылылық лебі еседі. Екеуара әңгімеден кейін кейіпкеріміздің ғұмыр жолымен де танысудың сәті түсті. 
Аққоян ақсақал 1939 жылы Арал ауданына қарасты Бекбауыл қыстағында дүниеге келіпті. Әкеден жастай қалып, анасы мен інісіне қамқорлық танытқан жанның өмірден көрген мехнаты да аз емес. Бала кезінен спортпен тыңғылықты шұғылдануының арқасында бәріне төтеп беріп келеді. Атамыз өткен ғасырдың 60-жылдары Қазалы ауданындағы №3 теміржол училищесіне оқуға қабылданыпты. Бокспен айналысып, аудандық, облыстық біріншіліктерде топ жарған. Оқу ¬ордасын тәмамдағаннан кейін әскер қатарына алыныпты. Украина¬ның Одесса қаласында Отан алдындағы борышын өтеп келген. Әскердегі сәттері туралы Аққоян атамыз былай деп еске алады:
– Алдымен Днепр жағалауындағы Запорожье қала¬сындағы сержанттар мектебінде бір жарым жыл даярлық сынағынан өтіп, Одессаға табан тіредік. Қарулы Күштер қатарында екі жыл әуе десанты болып, 281 рет парашютпен секірудің реті келді. Бір айда үш рет міндетті түрде әуеден қарғуымыз керек. Ол кезде әр секіргенімізге ынталандыру мақсатында сыйақы беретін. Сол тұстары біздің үйдің тұрмысы өте қиын жағдайда еді. Ауылда қалған анам мен ініме ақша салу үшін күнде парашютпен секіретінмін. Аман-сау түскеннен кейін кассадан барып 12 рубль аламыз. Содан отырып, анама хат жолдайтынмын. Хат жібергеннен кейін інім өзіме кері «аға, ақшаң келді, азық-түлік алдық, рахмет» деп жазатын. Осындай үздік көрсеткішімнің арқасында СССР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болған Георгий Маленковтың қолы-нан алтын сағат алу бақыты бұйырды, – деді ақсақал.
Әскер қатарынан келгеннен кейін ту¬ған жерге келіп, теміржол саласынан зейнет¬керлікке шықса да өз денсаулығын күтіп, қа¬лыптасқан дағдысы бойынша ¬спортпен шұғылдануын қоймапты. Шүкір, олжа¬сыз да емес. Ардагерлер ¬арасын¬да қашықтыққа жүгіруден, ¬шаң¬¬¬ғы тебуден өткен -жарыс¬тар¬¬да қан¬жы¬ғалаған ¬медальдары мен «Ал¬ғыс хаттары» жетерлік. Са-лауат¬тылық салтын сақта¬ған қарияға мемлекет те қам¬қор¬лығын жасап, демалыс орта¬лықтарына жіберіп тұратын көрі¬неді. Ал, 1988 жылы ¬«Қа¬пал-Арасан» санаторийінде ¬Дінмұхам¬мед Қонаевпен кезде¬су¬дің сәті тү¬сіп, күніне бірге 2 ша¬қы¬рымға жү¬гірген кездерін қар¬тымыз сағы¬ныш¬пен еске алады. Әңгіме бары¬сында алты Алашқа аты аңыз болып жеткен Димекеңмен бірге түскен суретін отбасылық албомындағы ең қымбат естелікке балайтынын атап өтті.
– Жалпы, ұзаққа жүгіруді 2011 жылдан бастадым. Сол жылы Алматы қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұйымдастырылған мара¬фонға қатыстым. Содан кейін жарыстарға қатысу әдеті¬ме айналды. Жуырда, Алматыда өткен марафонға барып, жетпістен жоғары желаяқтардың арасынан алтын алқалы болып қайттым. 20 мыңдай адам қатысты. Дәстүр бойынша марафон Тұңғыш Президент паркінде бастау алып, Орталық стадионда мәресіне жетті. Марафоншылар әртүрлі қашықтыққа жүгіреді. Осында 22 шақырым қашықтықты бағындырдым. Алдағы жылы 41 шақырымға жүгіру жоспарымда бар. Күн сайын 12 шақырым жүгіремін. Марафонға дайындық кезінде 30 шақырымға дейін жеткізуге тура келеді. «Тәні саудың жаны сау» деген. Барлығы денсаулықтың қамы. Мен ақша немесе медаль үшін жүгірмеймін. Жүгірсем, бірінші Алланың, әке-шешемінің, өмірден өткен қызым¬ның, бауырымның құрметіне жүгіремін. Соның арқасында өзімді тың, еркін сезінемін. Бала күнімнен спортпен үздіксіз айналысқандыкі шығар, газетті де көзілдіріксіз оқимын. Жастарды спортпен айналысуға, тым болмаса, ара-тұра жүгіруге шақырамын, – дейді жетпіс сегіздегі желаяқ.
Сонымен қатар, қария атқанын мүлт жібермейтін мерген. Мылтық ату сайыстарына қатысып, жүлдегер атанып жүр. Бұған қоса шаңғыда да желдей еседі.
«Қарты бар елдің қазынасы бар». Аққоян ¬Рсалиев ақсақалдың осынау өнегелі еңбегі кім-кімге болсын, өнеге тұтуға лайық. Өскелең буын осындай қарттардан үлгі алса, мемлекетіміздің келешегінің кемел болатыны айқын. 
Есет ТАБЫНБАЕВ.
Қазалы ауданы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз