ЖҰМЫЛҒАН ЖҰРТТЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖЕМІСТІ

95

0

ЖҰМЫЛҒАН ЖҰРТТЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖЕМІСТІЖексенбi күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Жалағаш,
Сырдария аудандарында болып, бірқатар нысандар жұмысымен танысып, өңір
тұрғындарымен кездесті.

Қазір диқандар дала жұмыстарына қамдана бастаған шақ. Барлық аудандар
көктемгі науқан қарекетіне кіріскен. Сапарда ауыл жұртының тыныс-тіршілігін
бағамдаған аймақ басшысы әлеуметтік саладағы жұмыстарға да назар аударды.

Аудандарда жағымды жаңа­лық­тар жетерлік. Мәселен, Жалағаш кентінде
«Ай-ару” техникалық қыз­мет көрсету кешені іске қосылған. «Бизнестің жол
картасы – 2020”, «Жұмыспен қамту – 2020: жол картасы” арқылы алынған 10,5 млн
теңгеге өз қаражаты есебінен 7,5 млн қаржы қосқан кәсіпкер Ғабден Әбуов салған
нысанда онға жуық қызметкер жұмыс істейді. Алғашында машина жөндеу жұмыстарынан
басталған кәсіптің бүгінде аясы кеңейген. Кешенде техникалық қызмет көрсетудің
барлық түрі жұмыс жасайды. Болашақта кешен жанынан 15 орынды мейманхана салу
жоспарлануда. Жергілікті кәсіпкердің жұмысына сәттілік тілеген облыс әкіміне
аудан басшысы Т.Дүйсебаев ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын
баяндады.

Жалағаш ауданында екі мыңға жуық
кәсіпкерлік нысан тіркелген. Онда 8 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Жыл сайын
шағын және орта кәсіпкерлік дамып, одан түсетін түсім аудан бюджетін толықтырып
жатыр. Ауылшаруашылық саласында да айтарлықтай жаңалық бар. Соның бірі – бақша
өнімдерін тамшылатып суару әдісі. Сондай-ақ, мал шаруашылығы саласында мемлекет
қолдауымен кәсіпкерлігін кеңей­­­­тіп жатқан шаруашылықтар мол.

Сапар аясында «АгроХолдинг Байқоңыр” серіктестігінің элеватор жұмысымен
танысқан облыс әкімі жергілікті шаруа қожалықтары төрағаларымен кезде­сіп,
диқандардың егіс науқанына дайындығын пысықтады. Тұрғын­дардың өтініштері мен
ұсыныстарын тыңдаған аймақ басшысы барлық мәселе кезең-кезеңімен шешілетінін
жеткізді.

Ауданда күріш кластерін дамыту жобасымен айналысып жатқан «АгроХолдинг
Байқоңыр” ЖШС былтыр екі күріш зауытын ашып, шаруашылықтармен тікелей жұмыс
істеп жатыр. Оңтүстік Кореядан және Қытайдан әкелінген зауыттардың өнімділік
қуаты орасан, тәулігіне 40 тоннадан 70 тоннаға дейін күріш ақтап шығуға
қауқарлы. Заманауи зауыттардың ерекшелігі сол, лазерлік фотосеператор арқылы өндірістегі
ақталған күріштің арасынан қызыл немесе сарғайған дәндерді ажыратып, ақ
күріштің ірісін, майдасы мен орташасын өзі сұрыптап отырады. Зауыт аумағында 9
күріш сақтау қоймасы бар, оның әрқайсысына 1700 тонна күріш сияды.

Он бес адамды жұмыспен қамтып отырған «Ақбалжан» балабақшасы өткен
жылдың қарашасында жұмы­сын бастаған. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы
аясында несиеге қол жеткізген кәсіпкер өз қара­жатын қосып, балғындар отауын
ашып отыр. 40 орынды балабақша құрыл­тайшысымен кездескен әкім бала тәрбиесіне
баса мән беруді тапсырды.

Сырдария ауданында ауыз су мәселесі толық шешімін тап­қан. Тіпті
Тереңөзек кентінде орта­лық­тандырылған кәріз жүйесі тартылып, көпқабатты
үйлердің коммуналдық мәселелері де толық шешілген облыстағы алғашқы аудан.

Сапалы ауыз сумен қамтып отырған «Өркен-Сырдария» меке­месі өткен жылы
қажетті техникалар мен құрал-жабдықтарға қол жеткізді. Қарамағында 120-ға жуық
жұмысшысы бар іргелі мекеме 17 су кешенінің жұмысын қадағалап, Тереңөзек кенті
мен 13 елді мекенді таза ауыз сумен қам­тамасыз етіп отыр. Аудандық бюджеттен
46 миллион теңге қаржы бөлінген серіктестік базасымен таныс­қан аймақ басшысы
ауыз су жүйе­сін жаңғырту бағытындағы жұмыс­тардың сапасына мән беруді
тапсырды.

Сырдариялық кәсіпкерлермен кездесуде дала жұмыстарына қажетті химиялық
тыңайтқыштардың кейбір қоспаларына қол жеткізе алмай отырған жекелеген
шаруашылықтар төрағаларының өтінішіне орай аймақ басшысы отандық және ресейлік
өңдіруші компаниялармен қолжетімді тыңайтқыш алуға келісім болатынын айтты.

Бүгінгі күні Сырдария ауданы Шаған ауылында облыстағы ең ірі жоба
–»Шаған-Жер” серіктестігінің 3 мың басқа арналған мал бордақылау алаңы жұмысын
бастады. Серіктестік басшысы Бердібек Қадыров аталмыш алаңның негізгі жұмыс
жоспарын баяндады. 300-ге жуық жылқысы мен 200-ден астам ірі қара малы бар
серіктестіктің элеваторы, күріш өңдейтін зауыты және ұн цехы жұмыс істейді. Мал
бордақылау алаңында ет өңдеу цехы мен мал сою алаңы қоса ашылатын болады.
Қазіргі күні онда 100-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр. Облыс әкімі жемшөп
базасын дайындау­ды тапсырды.

Мұнан соң облыс әкімі Терең­өзек кентіндегі орталық кітапхана жұмысымен
танысып, әйелдер қауымымен кездесті. Былтыр ғана жер­гілікті бюджеттен бөлінген
қо­мақты қаржыға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліген
орталық кітапхана жаңа ғимараттан бірде-бір кем емес. Мұнда аудандық балалар
кітапханасы да орын тепкен. Кітап қоры 70 мыңнан асса, балалар кітапханасында
40 мыңға жуық кітап бар. Алты мыңнан астам оқырманы бар кітапханаға келушілер
қатары сиреген емес. Арнайы дайындалған көрмелермен танысқан Қырымбек Елеуұлы
әр саладан жиналған әйелдер тобымен кездесті. Кездесуде гүл көктемнің мерекесі
– Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, қоғамдағы орнына тоқталып, ел
дамуындағы еселі еңбектерінің ерекше екендігін жеткізді.

– 8 наурыз – Халықаралық әйел­дер күнімен барлығыңызды шын жүректен
құттықтаймын. Отба­сының мерекесі де, берекесі де сіздерсіздер. Ер азаматтың
еңсесін биік етіп, балаларымыздың тәр­биесіне талмай еңбек ете беріңіздер.
Шаңырақтарыңыз шаттыққа толы болсын, – деген аймақ басшысы өтпелі кезеңде Сыр
елі сыр бермейтінін жеткізді.

Аймақ басшысы жер бетінде болып жатқан барлық жағдай бізге де әсер етпей
қоймайтынын айт­ты. Жаңа заманның жаңа шақыртуларына жауап беру үшін соны
технологияларды меңгеріп, жұдырықтай жұмыла жұмыс жасауы­мыз керек. Бұл
талаптың алғашқы қадамдары да жасалуда. Соның бірі – жылына жүздеген өңір
түлегі Ресей Үкіметі есебінен көрші елдің маңдайалды оқу орындарында білім
алуда. Бір-екі жылдың көлемінде алдыңғы лектегі студенттер елге маман болып оралады.

Кездесу соңында нәзік жандарға сый-сияпат табысталып, мереке иелері ән
шырқады.

 

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.

Жалағаш, Сырдария аудандары.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз