ЖҰМЫС ЖАСАЙМЫН ДЕГЕН ЖАСТАРҒА ЖОЛ АШЫҚ

108

0

ЖҰМЫС ЖАСАЙМЫН ДЕГЕН ЖАСТАРҒА ЖОЛ АШЫҚКеше Қармақшы ауданында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен жастар істері жөніндегі облыстық кеңестің көшпелі отырысы өтті. Жиынға барлық ауданның белсенді жастары мен әкімдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері мен мамандар қатысты.
Кеңесте өңірдегі және Байқоңыр қаласы мен Арал, Қармақшы аудандарындағы жастар саясатының жүзеге асырылуы, ке¬ңес отырысындағы хаттамалық тапсырмалардың орындалу мәселесі сөз болды. Алдымен ¬облыс бас-шысы мемлекеттік жастар саясатындағы маңызды басым бағыттарға тоқталды.
– Шын мәнінде, кез келген жаңару мен жаңғыру сапалы әлеуметтік базаны талап етеді. Денсаулығы мықты, білімі мен білігі жоғары, мәдениеті мен азаматтық ұстанымы биік жаңа толқын болмаса, жұмыстың бәрі мәнсіз, мақсатсыз болып қалмақ. Сондықтан жастар саласын үйлестіруші жеке мемлекеттік орган құру туралы шешім қабылдап, биыл жастар саясаты мәселелері басқармасы өз жұмысын бастады. Сонымен бірге, өңірде жастар саясатын дамытудың 2021 жылға дейінгі жол қартасы қабылданды. 
Құжатта маңызды 10 басым бағыт бойынша 31 нысаналы индикатор енгізілген. Былтыр Жаңақорған ауданында ұйымдастырылған кеңесте халықаралық сарапшылардың қа¬ты¬суымен жаңа бағыттар қарас¬ты¬рылып, мәселелерді шешудің -те¬тіктерін  қарадық. Сонымен қатар, бүгінгі күні Сырдария өзенінің сол жағалауынан жастарға қызмет көр¬сету орталығының құрылысы қолға алынды. Онда түрлі ба¬ғыт ¬бо¬йынша көмек көрсе¬тілетін болады, – деді аймақ ¬басшысы.
Бүгінгі таңда әрбір жастың қоғамдағы өз орнын белгілеу, адам капиталын дамыту мемлекет үшін маңызды міндеттердің бірі болып отыр. Осыған сәйкес елімізде бірқатар бағдарлама мен ірі жобалар іске асырылды. Облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев кеңес отырысында жасаған баяндамасында өңірдегі жастарға жасалып жатқан мүмкіндіктерге тоқталып өтті. Ай¬мақта мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келеді. Үстіміздегі жылы жергілікті бюджеттен 515 млн теңге бөлінген. Облыс бұл жөнінен республикада төртінші сатыға шығып отыр. Қазіргі таңда аймақта 43 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.
– Осы жылы қабылданған жастар саясатын дамытудың 2021 жылға дейінгі Жол картасында көрсетілген денсаулық саласы бойынша 5 нысаналы көрсеткіш енгізілді. Сонымен қатар, еңбекпен қамту бағытында бірқатар шара атқарылып, былтыр жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады. Ал жұмысқа орналасу бойынша хабарласқан жастардың 62,3 пайызының өтініші қанағаттандырылды. Одан бөлек өз кәсібін ашқысы келетіндерге қолдау көрсету шаралары да жүргізілуде, – деді Е.Меңлібаев.
Баяндамадағы мәліметтерге зер салған облыс әкімі басқарма басшысына жұмысты әлде де күшейту қажеттігін тапсырды. Әсіресе қоғамда өз орнын таба алмай жүрген маргинал жастардың мәселесін шешу маңызды бағыттардың бірі болуы керектігін атады.
Одан соң ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Бақытбек Бекпанов баяндама жасады. Былтыр Байқоңыр қаласында облыстық Ассамблея өкілдігі, дін мәселелерін зерттеу орталығының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бөлімшелері өз жұмысын бастады. Бұл жастар арасындағы ұлтаралық қатынасты нығайтуға, дәстүрлі емес діни ағымдардың теріс идеологиясынан сақтауға септігін тигізіп отыр. Сонымен қатар, Қазақстанның білім беру стандартына көшкен бес мектептің материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалануына бағытталған түрлі үйірме тегін жұмыс жасауда.
  Бүгінде барлық аудан мен Қызылорда қаласында жастар ресурстық орталықтары құрылып, онда түрлі бағыт бойынша шаралар іске асырылуда. Бұл аудан, ауылдардағы кейінгі буынның қоғамға қалыптасуына мүмкіндік беруде. 
Шара барысында сөз алған Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев аталған орталық арқылы жастарға кеңес беріліп, сараптамалық жұмыстар мен сауалнама жүргізілгенін атап өтті. Қазіргі таңда ауданның 26 пайызын жастар құрап отыр. Олар «Жасыл ел», «Еңбек жасағы», «Серпін-2050» мемле¬кеттік бағдарламаларына қы¬зы¬ғушылық танытып, сұрବныстары қанағаттанды¬ры¬¬лу¬да. Сонымен бірге, жас кәсіпкерлердің санын ¬арттыру да маңызды міндеттер қатарында. Бүгінде ауданда 18-29 жас аралығындағы 700-ге жуық жас өз ісін дөңгелентіп отыр.
Қармақшы ауданы бойынша да мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда оң өзгерістер байқалып отыр.
– Қоғамда маргинал жастардың көбеюінің басты себебі – олардың оқудан шығып қалуы немесе жұмыссыздық. Сараптамалық жұмыс нәтижесінде аудан бойынша бос жүрген 144 жас анықталып, оларға көмек көрсетілді. Нәтижесінде оқудан шығып қалған 32 азаматпен тиісті жұмыстар жүргізіліп, оларды еңбекпен қамту, кәсіптік білімге бағыттау, қайта оқыту шаралары жүргізілді, – деді Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашев.
Кеңес отырысын қорытындылаған облыс әкімі тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде жастардың бос уақытын ұйымдастыру, спорт пен шығармашылық қызметке тарту жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарының жобасын тапсыру, біліктілікті арттыру мен жұмыссыздық деңгейін төмендету, маргинал жастарға көңіл бөлу, кәсіби бағдар беру міндеттелді.

Мәди ҚҰРМАНӘЛІ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз