ЖҰМЫСТЫ ЖҰМЫЛА АТҚАРУ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТКІЗЕДІ

90

0

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінің мәжілісі өтіп, онда аймақтағы ветеринариялық іс-шаралардың орындалу, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу, «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» жаңа жобасын ұйымдастыру, агроөнеркәсіп нысандарын субсидиялаудың тиімділігін арттыру мәселелері қаралды. 
Алдымен облыс әкімінің орынбасары С.Сүлейменов Сырдария өзеніне түсіп жатқан су көлемі туралы соңғы мәліметтерді баяндады. 24 сәуір күні Шардарадан секундына 1400 текше метр,  Арыс өзенінен 210 текше метр су келуде. АШМ Су ресурстары комитетінің мәліметтеріне қарағанда, дүйсенбі кешкісін су көлемі ұлғаймақ. Қазір жағдай қатаң бақылауда. Арнайы штабтар жұмысы пысықталып, техника мен мамандар дайын тұр. Аймақ басшысы жауапты мекеме басшылары мен Жаңақорған, Шиелі, Сырдария аудандарының әкімдеріне жағдайды жіті қадағалауға алуды тапсырды. 
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыстық ветеринария басқармасының басшысы Е.Апетов хабарлама жасап, аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы аурудың алдын алуға 5906 мың доза ветеринариялық препарат алынғанын айтты.  Қазір препараттар жеткізіліп, алдын ала егу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. 
Жануарлардың энзоотиялық ауруларына қарсы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облыста эпизоотиялық тұрақтылық сақталып отыр. 2011 жылдан бері Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары аусыл ауруынан буферлік аймаққа жатқызылған еді. Аусыл індетінен вакцинацияланатын қолайлы аймақ мәртебесін алу үшін былтыр тамыз айында Халықаралық Эпизоотиялық Бюроға тиісті құжаттар тапсырылды. ХЭБ 5 облысты вакцина қолданатын аусыл бойынша таза аймақтарға жатқызу туралы шешім қабылдауға дайын екенін хабарлады. Мамыр айында ХЭБ-ға мүше 183 елдің дауыс беруі арқылы мәселе шешіледі. 
Алдымен ғылыми-сараптау комиссиясы аусылды бақылау бойынша тексеріс жүр¬гі¬зеді. Аймақта инспекциялық тексеруге дайындық жұ¬мыстары ұйымдастырылды. Облыста уа¬қыт¬¬ша  4 стационарлық-ветеринариялық бекет және барлық аудандар мен Қызылорда қала¬сының аумағындағы Сырдария өзеніндегі көпір¬лерде, пантондарда, паромдарда мо¬биль¬¬¬дік-ветеринариялық бекеттер жұмыс жасауы тиіс. 
Хабарламашы ветеринариялық пункт¬тер¬дегі интернет жылдамдығының тө¬мен¬-дігінен мемлекеттік қызмет көрсету талапқа сай болмай тұрғанын айтты.  Ветеринариялық анықтама беру, бірдейлендіру, алдын ала егу, диаг¬ностикалық тексеру жұмыстарын уақы¬тылы дерекқорға енгізу өз дәрежесінде емес. 
Аймақ басшысы бұл мәселеде осыған жауапты органдардың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істеу керектігін нақтылады. 
Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғ.Жаңабаев 117 елді мекеннің Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қолайсыз аймақ ретінде анықталғанын айтты. Бұл елді мекендерде 132 мыңнан астам ірі қара, 275 мыңнан астам уақ мал, 17 мыңнан астам түйе, 293 бас шошқа, 2 млн шаршы метрден астам жерге орналасқан мал қора мен көлемі 934 мыңнан астам шаршы метрді құрайтын суаттар мен шаңлақтар бар. Залалсыздандырушы мердігер мекемелер Шиелі, Жаңақорған аудандарында 10 сәуірден жұмыстарын бастады.  
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысында Қызылорда қаласы мен аудан әкімдеріне ау¬лалар мен мал қоралардың санитарлық та¬залығын қадағалау жүктелген болатын. Алай¬да, дәрілеу кезінде кейбір мал қоралары тазаланбағаны белгілі болды. Бұл жасалған жұмыстың сапасын әлсіретеді. Оған қоса аудандар тарапынан ұсынылған мәліметтегі мал¬дың көрсетілген елді мекендерде болмай шығуы да жұмыстың кешеуілдеуіне әкеп соғуда.
Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметіне қарағанда,  қолайсыз елді мекендер тағы да анықталуда. Қармақшы ауданының 4 және Сырдария ау¬данының 7 елді мекенінен жиналған ке¬нені зерттеу нәтижесі оң қорытынды көр¬сеткен. Хабарламашы басқарманың қосымша залалсыздандыру жұмыстарын  жүр¬гізуге мүмкіндігі жеткілікті екенін айтты.
Облыс басшысы жаңадан анықталған елді мекендерде аурудың алдын алу шара-ларын тез арада ұйымдастыруды тиісті сала басшыларына жүктеді. Сондай-ақ әкім-дер мал қораларының тазалануы мен малды залалсыздандыру жұмыстарына ыждағаттылықпен қарауы керек.
Еліміздегі кәсіптік-техникалық білім беру саласының жаңа бағдары жайында айтқан облыстық білім басқармасының басшысы Б.Сайлыбаев бағдарламаның үш бағытына тоқталды. Бағдарламамен кәсіптік білімі жоқ 15 пен 29 жас аралығындағыларды қамту көзделген. Халықтың осы санаты әлеуметтік әлсіз топ болғандықтан, жұмысшы мамандықтарына оқытуға осы санаттағы жастар тартылмақ. Жастардың  сұранысқа ие кәсіби біліктілік пен дағдыларды алуының тиімді жүйесін құру, сондай-ақ жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес мамандар даярлау жоспарланып отыр. Ол үшін колледждерде техникалық және кәсіптік білімі бар жұмысшы кадр¬лар даярлау және колледждер мен оқыту орталықтарында қысқамерзімді курстық даярлау бағыттары таңдалған. Мектептің 9-11 сыныбын бітірушілердің колледждерде жұмысшы мамандығын тегін алуына мүмкіндік береді. 
Мектеп бітіргенмен, кәсіби мамандық алмаған, колледждер мен жоғары оқу орындарынан шығып қалған, жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген жастар кезең-кезеңімен 1-6 айлық даярлау, қайта даярлау курстары арқылы жұмысшы біліктіліктерін алатын болады. Бұған жергілікті бюджеттен 3088 орын, республикалық бюджеттен 1515 орын мемлекеттік тапсырыс бөлініп отыр. Өткен жылмен салыстырғанда жұмысшы мамандықтарына мемле¬кеттік тапсырыс көлемі 2 есеге артқан. 1-6 айлық қысқа курстар арқылы білім алушыларға республикалық бюджеттен 1335 орын мемлекеттік тапсырыс қаралған. Аталған мақсатты жұмыстарды облыста 22 колледж, 2 кәсіпорын жанындағы оқу орталығы жүзеге асырмақ.
 Жобаға қатысушы жастар техникалық, тех¬нологиялық, қызмет көрсету және сервис, ауыл шаруашылығы, құрылыс, ша¬ғын және орта бизнес саласына қажетті мବмандықтарды оқиды. Бұл ретте аймақ бас¬шысы жастардың жұмысшы маман¬дық-тарын алуына жан-жақты қолдау көр¬сету, колледждердің сатылып кеткен ғима¬рат¬-тарын қайтару туралы тапсырмалар берді.  
Жуырда Елбасы Жарлығымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Б.Жахановтың айтуынша, бұл бағдарлама шағын және орта кәсіпорындарды және ауыл шаруашылығы кооперативтерін қолдауға бағытталған. Биыл агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға барлығы 7992,6 млн теңге қаржы бөлінді. Егіншілік саласында «гектарлық» субсидиялар тоқтатылып, олардың орнына мемлекеттік қолдаудың басқа механизмдері жасалды. Дегенмен, күріш шаруашылығын қолдау мақсатында басым дақылдарға субсидия төлеу ережесіне гектарлық субсидия төлеу шарттары енгізілді. Мал азықтық дақылдардан сүрлемдік жүгері мен жаңа жоңышқаға және бір жылдық мал азықтық дақылдарға да гектарлық субсидия төлеу қарастырылған. Ал, майлы дақылдар мен қант қызылшасына көлеміне қарай төленетін болып белгіленді. АШМ-не күріштің әр гектарына 18 мың теңге, жаңа жоңышқаға  16 370 теңге, сүрлем жүгеріге  23 050 теңге, мақсарының әр тоннасына 26 275 теңге нормативтер белгілеу жөнінде ұсыныс енгізілді. Минералды тыңайтқыштар мен гербицидтерге субсидиялар сатып алынған құнның жартысына сәйкес төленетін болады. 
Былтыр тек 1-репродукциялық тұқымдарға субсидия төленіп келсе, биылдан бастап, бірегей, элита және 1 репро¬дукциялық тұқымдарға төленбек.
Мал шаруашылығындағы субсидиялауға келсек, ірі қараға жүргізілген селекциялық және тұқым түрлендіруді субсидиялау екіге бөлініп, аналықтың әр басына 10 мың теңгеден және қараша айының 20-на дейін нақты алынған төліне қарай төленетін болады. Ет бағытындағы ірі қара бойынша төл шығымы 60 пайызды қамтыса, әр басына 6 мың теңгеден, ал 80 пайыздан асқан жағдайда 8 мың теңгеден төленетін болады. Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктірілген шаруашылықтардағы кооператив мүшелеріне ет өндірісі бойынша 1 бас МІҚ бордақылағаны үшін 20 мың теңге, 1 литр сүт өндіргені үшін 10 теңгеден субсидия қаралып отыр. 
Биыл мал шаруашылығын субсидиялауға жергілікті бюджеттен 1 408,2 млн теңге қаралды. 
Мәжілісте қаралған мәселелерге орай аймақ басшысы тиісті мекеме басшыларына, аудан әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді. 
Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз