«Алаш ұстазы» – мұғалім мәртебесі

62

0

Баспасөз бәйгесінежыл басында ғанакеліп қосылған республикалық «Алашұстазы» ғылыми-педагоги­калық, әдістемелік журналыаз ғана уақытішінде ұстаздар қауымыарасында кеңінен танылды. Респуб­ликалықдеңгейде ұстаздар шығар­ма­шылығыннасихаттау мен бі­лім-ғылым саласындағы соны жаңа­лықтарды, жаңа бастамаларды мұғалімқауымына жеткізуде бұлжурналдың алар орныерекше.

Ұстаздардың мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте шығармашылық қабілеттерінің шыңдалуына қолдау жасау – «Алаш ұстазы» журналының басты міндеті. Талантты ұстаздарды анықтау және ең тиімді жұмыс жасайтын ұстаздардың озық іс-тәжірибелерін баспа бетіне жариялауда журнал өзіндік соқпақ қалыптастырған. Тәрбие және білім беру үдерісіндегі педагогикалық технологиялардың мазмұнын жаңарту мақсатында педагогикалық идеяларды іздейтін һәм оқушылардың қабілеттерін дамытудағы жоғары нәтиже көр­сеткен, шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарға көмекші болатын журнал бетінде үнемі республикалық деңгейдегі конкурстар, бәйгелер ұйымдастырылып отырады. Журналға 1 жылға жазылған мұғалімдердің шығармашылық жұмыстары, материалдары тегін жарияланып тұрады. 1 жылдық жазылым бағасы – 4100 теңге. Өз журналыңа жазылуды ұмытпа, Алаш ұстазы!

«Алаш ұстазы» республикалық ғылыми-педагогикалық, әдістемелік журналына жазылу «Қазпоштаның» барлық бөлімшелерінде жүргізілуде. Индекс: 74746.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз