
Түрксой халықаралық ұйымының қолдауымен облыстық филармонияның бас директоры Талғат Мақашов бастаған өнер ұжымдары – «Ақмешіт” фольклорлық ансамблі, «Томирис” би ансамблі түбі бір түркі ағайындарға қазақ өнерін дәріптейді. Сондай-ақ Анадолы жеріне дәстүрлі орындаушылар, Сыр бойындағы жыраулық мектептердің жас өкілдері Марат Сүгірбай, Күнсұлу Түрікпенова, Нұртілек Ақтаев, Эльвира Есназарова, классикалық әнші Ұлпан Әбдікәрімова, биші Замира Ыстықбаева да Сырдың сәлемін ала бармақ.
Сапар сәтті болғай.
М.МЕРЕЙ.