Ауылым – алтын бесігім

3356

2

Көңілім ауылымның көктеміндей,


Қосамын жырыма нұр төккеніндей.

Қаламының ұшымен Қалмахандар,


Мың бір түнді аударып кеткеніндей.

Қызылқұмның қойнауынан орын тепкен,


Бұл менің Қарғалыдай елді-мекен.


Балалықтың бал-дәмін сезіндірген,

Бәрінен де ыстық екен, құтты мекен.

Бұдабай, Қалмахандай дарам туған,


Дара жолдың тізгінін талай қуған.


Сырдария, Жалтыр, Батырбек шипа көлім,


Жаныңа ем іздемек дауа болған.

Тірегім бір өзіңсің,


Алтын бесік болған менің туған елім!

Гүлжайна Жұмаханқызы,

«Тіл – майдан» жас журналистер клубының мүшесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<