АҚЫНЫН АРДАҚТАҒАН АУЫЛ

47

0

Жанқожа батыр елді мекенінде тағылымды шара өтті. Бұл күні ауылдық мәдениет үйіне жұртшылық көп жиналды. Аталмыш шара жергілікті ақын Кемал Ордабаевтың «Армысың, ата қонысым» атты кітабының тұсаукесеріне арналды. Туған қонысын, өскен елін жырлаған ақын кешін округ әкімдігі, ел азаматтары ұйымдастырған болатын. Шұрайлы тілде жазылған туындының жарық көруіне жерлесіміз Қаршыға Жұмабаев, Исатай Алдажаров, «Сыр маржаны» ЖШС директоры, аудандық мәслихат депутаты Мнажадин Өтеев, Жаңабай Жақсылықов, басқа да тұрғындар демеушілік жасады. 
Шарада Қаршыға Жұмабаев ақынның шығармашылық жолына кең көлемде тоқталды. Округ әкімі Қайрақбай Орынбасаров болса, мұндай игі қадам өскелең буынның бойына отансүйгіштік сезімді қалыптастыратынын жеткізді. Кеш барысында ауыл өнерпаздары ән-жырдан шашу шашты. 
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Қазалы ауданы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз