ҚАЗІРГІ ШЫНШЫЛДЫҚ ӨЛШЕМІ

70

0

Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шаханов облысымызда шығармашылық сапармен жүр. Осыған орай ақынның «Қазіргі шыншылдық өлшемі” атты өлеңін оқырман назарына ұсынамыз.

Сөзі мен әнін жазған: Мұхтар ШАХАНОВ

 

Неге қазір шындығы жоқ адамдар тым көбейді,

Олар неге қара затты «қара
екен» демейді?

Талайлардың алғырлығын
жалғандығы бөгейді,

Бірақ заман ерте, кеш пе,
шыншылдықты жебейді.ҚАЗІРГІ ШЫНШЫЛДЫҚ ӨЛШЕМІ

 

Қайырмасы:

Кім шындығын жоғалтып алса,

Күнделікті өмірде,

Ниет бұрып жеңілге,

Сөзі басқа, ісі басқа болса,

Жалғандықтан ақсап қалған,

Елдік, ұлттық мақсаттардан,

Тартыншақтап бойын аулақ
салса,
2-рет

Ойланалық,

Ол адамның парқы, құны қанша?

 

«Ақты – ақ деп» айта алмаудың
болмай қоймас азабы,

Сондықтан да қанша тағдыр ар
алдында жазалы.

Шындығы жоқ әрбір адам өзіне
ор қазады,

Тек намысы тірі тұрса,
алыстан қол созады.

 

Тіпті кейбір білімділер,
өнерлілер саналы,

Жағымпаздар жарысының
жетегінде барады.

Ондайларды құнсыздықтан кім
құтқара алады?

Бұл күресте Шындық пен Рух бас
тұлға боп қалады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз