БАЛҒЫНДАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

55

0

Қызылорда
қаласындағы «Жібек жолы” сауда орталы­ғын­да
«Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы
балаларға арнап «Галактика сақшылары” атты кино туынды көрсетілімін
ұйымдастырды.

Қазір балалардың жазғы уақытын тиімді өткізу үшін және
мемлекеттiк тiлдiң аясын кеңейту мақсатында шетелдік киноларды қазақ тіліне
аударып, көрермендерге ұсынуға баса мән беріліп отыр. Осы орайда «Нұр
Отан” партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Жандос
Базартай сөз алып, балаларға жазғы каникулды тартымды өткізу үшін барлық жағдай
жасалып жатқандығын жеткізе келе,
жиналғандарды фильм тамашалауға шақырды.

«Галактика сақшыларын” көруге келгендердің бірі Мөлдір
Жақыпова – Фантастикалық жанрдағы фильм маған қатты ұнады. Әсерлі дүние екен.
Бұл киноның көрсетілімін жарнамадан көрген едім. Міне, бүгін кинотеатрдан
көруге мүмкіндік алдым. Қазақшаға аударылған, түсінікті болды. Каникул кезінде
осындай фильмдер жиі көрсетілсе екен. Осы шараны ұйымдастырушыларға алғысымды
білдіремін” – деді.

Қызыққа толы
фильм балаларға қуаныш сыйлап, уақыттарын тиімді өткізуге септігін тигізді.
Алдағы уақытта мұндай шаралар жалғасын табатын болады.

Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз