«БАТЫРДЫҢ АУЫЛЫНА БАТЫРЛАР ЕЛІНЕН ӘН СӘЛЕМ!»

54

0

Шиелі ауданының өнерпаздары облыстағы барлық ауданға гастрольдік сапарға шықты.  
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған шара сәуір айының соңына дейін жалғасады.
«Батырдың ауылына батырлар елінен ән сәлем!» деп аталатын сапар ең әуелі, «Қазақстанның Еңбек Ері” А.Ералиев тұратын Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылынан бастау алады. 
Кезінде 41 Еңбек Ері шыққан Шиелі ауданының бұл бастамасы еңбек адамдарын мадақтау, сол арқылы жастарымызды отансүйгіштік пен адал бейнетке тарту, Елбасы бағдарламаларын орындау жолындағы ауызбірлікті насихаттау. 
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, мәдениет қайраткері Ә.Оспанов басқарып шығатын бұл  өнер сапарында ҚР еңбегі сіңген қызметкер Ә.Ноғайбай, ҚР мәдениет қайраткері Қ.Бекпейіс, «Жас дәурен» бишілер тобы, (жетекшісі Д.Оразова) Әжелер ансамблі, Г.Досболова, Д.Беркінбаев, Д.Шегебаев, М.Наурызәлиев, С.Сейтенов, С.Шыныбеков сынды талантты өнерпаздар жұртшылықты шаттыққа кенелтеді деп жоспарлануда. 
Нұрмахан ЕЛТАЙ.
Шиелі ауданы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз