ДАРА ДАУЫСТЫ ДАРЫН

87

0

Қазақ өлеңінің хас шебері, талантты ақын, «Дарын» сыйлығының, Президент сыйлығының иегері Маралтай Райымбекұлының аты Алашқа мәлім.
Оның мінезді жырлары, алдаспандай жарқылдаған ақындық қуаты әр қазақтың жүрегіне жылы, көңіліне жақын дүние екендігінде дау жоқ.
Қарашаның 9-ы сенбі күні сағат 16.00-де А.Тоқмағанбетов атындағы облыстық мәдениет орталығында өлең сүйген барша қазаққа ортақ  шайыр Маралтайдың шығармашылық кеші өтпек.
Өнер кешін танымал ақын Бауыржан Бабажанұлы жүргізеді. 
Келіңіздер, көркем жырдың тұнығынан қанып ішіңіздер, қаракөз қандастар! 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз