ГҮЛ ҚАУЫЗЫНА ЖАЗЫЛҒАН ХАТТАР

62

0

ГҮЛ ҚАУЫЗЫНА ЖАЗЫЛҒАН ХАТТАРЖерлесіміз, жас ақын Динара Мәлік есімі өлеңсүйер ортаға жақсы таныс. Жиырма жасында-ақ алғашқы жыр жинағын көпке ұсынып үлгерген ақын қыздың поэзия пернесінен өрілген күй-жыры көңіл тебірентерлік.

Жақында облыс әкімінің қолдауымен А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде жас талант Д.Мәліктің «Жазушы» баспасынан жарық көрген жаңа кітабының тұсаукесеріне арналған «Гүл қауызындағы хаттар» деп аталатын шығармашылық кеші болып өтті.
Жыр кешінің ашылуында облыс әкімінің орынбасары А.Әлназарова сөз алып, туған жердің рухани байлығына жүрек сөзін қосып жүрген ақын қызға ақ тілегін арнады. Облыс әкімдігінің атынан сияпат жасап, ықылас гүлін тарту етті.
Ақынның туған топырағы жалағаштықтар атынан аудан әкімінің орынбасары Қ.Мұстафаева, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы облыстық филиалының төрайымы Қ.Есімсейітова кеш иесіне ыстық ықыластарын білдірді.
Қалалық мәдениет бөлімінің өнерпаздары мен Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрының әртістері ақын өлеңдерін оқып, жас кеуденің бейнесін ашты. Әнші-сазгер Ә.Өміров ән жолдады.
Дүниеден кеше ғана өткен поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың соңынан ерген бір топ сіңлілері, қазақ өлеңіне өзіндік үн қосып жүрген ақын қыздар – Қ.Омарова, А.Арыстанбек, Т.Толқынқызы, С.Смағұлова, Н.Бердіқожа ақын құрбыларына арнап жыр шашуын шашты.
Кеш көрерменге асқақ сезім, сергек ой сыйлады.
Р.ДҮЙСЕНҰЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз