КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН КІТАПТАР

109

0

Қызылорда
облысының ұлт­тық кәсіпкерлер палатасының Шиелі ауданындағы филиалының ұйым­дастыруымен
аудандық орталық кітапханада «Бизнес биігіне біліммен» тақырыбында
кәсіпкерлерге арналған кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті.

Аталмыш шарада филиал
директоры Р.Нысанханов «Кіші бизнес үшін 100 жоба» кітабының жас кәсіпкерлер
мен кәсібін бастаймын деушілерге көмегінің мол екендігін түсіндірді. Сондай-ақ,
қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, аудандық кітапханаға 10 дана, арнаулы
оқу орындарына 4 дана, білім бөліміне 10 дана, жас кәсіпкерлерге 10 дана
кітаптарды салтанатты түрде табыстады. Шара соңында аудандық кітапхана
меңгерушісінің міндетін атқрушы Н.Рысбекова, индустриалды-аграрлы колледж
директорының орынбасары Г.Жұматова, «Кызылординские вести» газетінің тілшісі М.Ибрашев
және жас кәсіпкер Ә.Хайруллаева сөз алып, филиал жұмысына сәттілік тілеп,
кәсіпкерлікті бастау тұрғысындағы алғашқы көмектеріне алғыстарын айтты.

Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасының Шиелі аудандық филиалы Елбасы бағдарламасына сай
кәсіпкерлік өрісінің кеңейе түсуіне өзіндік үлесін қоса беретін болады.

Нұрмахан Елтай.

Шиелі ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз