МӘСКЕУДІ МОЙЫНДАТҚАН ГАУХАР

49

0

МӘСКЕУДІ МОЙЫНДАТҚАН ГАУХАРАғымдағы жылдың наурыз айының 26-28-і күндері Мәскеу қаласында Останкино телеорталығы мен  «Muzikbox” каналының қолдауымен ІІІ Халықаралық «Золотой голос” өнер фестивалі өтті. 
Ән додасына Қазақстан, Молдова, Англия, Қырғызстан, Украина, Болгария, Ресей елдерінен 250-ге тарта талапкер қатысты. Олардың арасында Сыр елінің талантты өнерпазы облыстық филармонияның әртісі Гаухар Бисекенова да болды. Облыстық филармония директорының орынбасары Әзиза Іздіқұлованың жетекшілігімен Мәскеу төрінде бақ сынаған Гаухар Beyonce-тің репертуарынан «Listen” әнін орындап жүлделі І орынды жеңіп алып, арнайы бірінші дәрежелі дипломмен және медальмен марапатталды. Осылайша Гаухар Сыр елі – жыр елі екенін шетелдіктерге тағы бір дәлелдеп, ел абыройын асқақтатып қайтты. Елімізді әлемге танытатын осындай өнерпаздарымыз көбейе бергей!
Барлыбек БАТЫР.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз