ӘН КЕШІ

78

0

Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы қарсаңында А.Тоқмағамбетов  атындағы мәдениет үйінде «Qyzylorda 200 years» атты жанды дауыста концерттік бағдарлама өтті.
Кеш Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әлемдік музыка үлгісіне айналған рок музыка бағытында ұйымдастырылды. «Тұмар», «Монте Карло», «Сыр самалы», «Мереке» топтары туған жер тақырыбында және қазақ музыкасының королі Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығынан әндер орындады.
«Социум Кызылорда» ақпараттық ойын-сауық порталы бастамашы болған шараға қала әкімдігі қолдау білдірді. Көпшіліктің көңілінен шыққан кеш заманауи әндермен жалғасын тапты.
Наргиза БЕКТАЙ,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 4-курс студенті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз