ӨНЕР КҮНДЕРІ

137

0

ӨНЕР КҮНДЕРІӨнері өрісті, келбеті келісті

Қызылорда қаласында Шиелі ауданының
өнері күндері өткізілді. Шараны облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тамашалады.

Аптаның сәрсенбісі күні облыс орталығындағы Нартай
Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында өткен концерт тұрғындар
керемет көңіл күй сыйлады. Театр фойесінде қолөнер шеберлерінің көрмесі мен осы
өңірден түлеген ақын-жазушылардың
туындылары қойылды. Жетістіктерді таныстырған Шиелі ауданының әкімі Қайратбек
Сәрсенбаев сөз арасында ауданның жылды жақсы табыстармен қорытындылап
отырғандығын айтып өтті.

Сахна пердесі сырылмай жатып, «Мәңгілік ел киелі,
өркендеген Шиелі!» атты бейнефильм тамашаланды. Бұл баянда ауданның
өткен-кеткен күндеріндегі елеулі оқиғалар мен ел үшін ерен еңбек еткен ерлердің
өмір жолдары қамтылған екен. Сол секілді шырайлы Шиелінің көрікті жерлері,
табиғат тамашалары да молынан көрсетілді.

Аудан өнерпаздарының гала-концертінде ақын Кенжебай
Жүсіп пен Ержан Әмір жыр шашу шашса, республикаға еңбегі сіңген қызметкер
Әлмырза Ноғайбаев, мәдениет қайраткері Құрманбек Бекпейістердің өнер мектептері
тамаша тарту жасады. Домбырашылар ансамблі мен «Жас дәурен» халықтық- би
ансамблі, «Ақерке» бишілер тобы, «Асыл аналар» ансамблі және классикалық
әндерді әсерлі орындаған жас әншілердің өнері көрерменді тәнті етті. Ал сексен адамнан құралған хор «Біржан-Сара» операсынан
үзінді орындады. Оның дирижері Әнипа Мұсабаева мен концертмейстері Дана
Нұрмышеваға қалалықтар зор қошемет көрсетті.

Нұрмахан
ЕЛТАЙ.

Қызылорда
қаласы.

 

Арнасын ән кернеген Сырдария

ӨНЕР КҮНДЕРІОсы атпен
Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрында Сырдария ауданының мә­дениеті мен
өнеріне арналған өнерпаздардың гала-концерттері өтті.

Салтанатты
шара сахнасы облыстық байқаулардың жүлдегері, халықтық би ансамблі «Балауса”.
«Тұмар”, «Сыр гүлі” би ұжымдарының балауса бишілері мың бұралып билеген «Шашу”
биімен түрілді. Мұнан соң зал толы көрермендер көгілдір экран арқылы «Сырдария”
деректі фильмін тамашалап, аудан тұрғындарының тыныс-тіршіліктерімен етене
танысты.

Биылғы
жылдың облыстық әскери әндер мен жастар патриоттық әндер фестивалінің бас
жүлдегері «Сырдария” атты квартеті шырқаған «Қазақстаным, алға” атты ән
көрермендерді орындарынан өре түрегелтіп, зал ішін қол шапалақтары кернеді.

Сырдария
өнерпазы Мінәш Ысқақ С.Мақанованың 100 жылдығына арналған «Сахна саңлағы – Сәбира”
атты деректі түсірілімдегі Сәбира бейнесін сомдаса, жүлдегер әншілер Сымбат
Мақанова мен Қайрат Сәтбаевтар «Сәбира апа” әнін тамылжыта тарту етті.

Тағы бір
құптарлығы, сырдариялық өнерпаздар ас­қақ­тата ән салып, күм­бірлете күй
тартып, мың бұ­рала би билеп қана қойған жоқ, Құрақтың Досжаны атын­дағы халық
ұлт-аспаптар оркестрі, С.Сәдуақасовтар жан­ұялық ансамблі және көркем­өнерпаздар
хор ұжымдарының орындауындағы шығармаларды да көрермендерге ұсынды.

Сырдария
ауданының өнері мен мәдениеті күндеріне арналған мерекелік концертке облыс
әкімі Қ.Көшербаев қатысты.

 

Еркін
АҚҚАЛИҰЛЫ.

 

Оңтүстік
өңірдің сазды әуені

ӨНЕР КҮНДЕРІАптаның жұмасы күні облыс орталығында Жаңақорған
ауданының өнер күндері өткізілді. Жиынға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев
бастаған мәртебелі меймандар және қала түрғындары қатысып, оңтүстік ауданнан
келген өнерпаздардың қолөнері, зергерлік заттары қойылған көрмесін тамашалап,
әсем ән мен тәтті күйін сүйсіне тыңдады.

Сахна шымылдығын «Дала жұлдыздары» атты үгіт бригадасы
ашты. Елбасының жуырда ғана халыққа жолдаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
Жолдауынан туындайтын міндеттерді әдемі айшықтаған Қалтай Арқабаев бастаған
үгіт бригадасы оның өміршеңдігін, ондағы айтылған әр сөздің әрбір қазақстандықтың жүрегіне жол тауып, ертеңге деген
сенімді нығайта түсерін, осы бағытта жерлестеріміздің жұмыла еңбек етуі
қажеттігіне шақырды. Сонау сексенінші жылдары халық ақыны Манап Көкенов бастап,
Мәскеу төрінде тамаша өнер көрсетіп келген өнер ұжымы сол биігінен төмендемей,
елге жақсы қызмет көрсетіп келеді.

Поляктың «Сұлу қыз» әнін Ізетулла Нәрзілдаев пен Бекен
Төребеков сызылта салса, домбырашылар ансамблі күйді күмбірлете төкті.
Сондай-ақ, «Ақсүмбе» ансамблінің әншісі Рыскүл Лұқпанованың әнін де көрермендер жылы қабылдады. Ал атақты «Экспресс» вокальды инструментальды
ансамблінің өнерін сағынып қалғандар қала орталығында да баршылық екен, ду қол
шапалақтаумен болды. Хордың орындауындағы халық әндері жақсы шықты. Жаңақорғандықтардың гала- концертін әнші
Әбсұлтан Байкенжеев әкесі Бексұлтан Бай­кенжеевтің «Жаңақорған» әні­мен
қорытындылады.

 

Нұрмахан Елтай.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз