ӨНЕР МЕРЕКЕСІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

59

0

Қызылордада КСРО Халық артисі Сәбира Майқанованың 100
жылдығына арналған Қазақстан театрларының ХХІІ республикалық фестивалі өз
мәресіне жетті.

ҚР Мәдениет және спорт
министрлігі мен Қызыл­орда облысы әкімдігінің ұйымдас­ты­руы­мен өткен шараның мақсаты елімізде театр өнерін
насихаттау, дәстүрлі театр өнерін сақтап, оны дамыту, дарынды артистер мен
режиссерлерді ынталандыру, қазіргі заманғы сахна өнеріндегі жаңа бағыттарды
анықтау, өске­лең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге атсалысу, сондай-ақ,
қазақ сахна өнерінің шебері, КСРО және Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік
сыйлықтың лауреаты, көрнекті театр және кино актрисасы Сәбира Майқанованы мәңгі
есте қалдыру болып табылады.

Бес күн бойы Сыр халқы еліміздің әр облысынан келген
тоғыз театрдың өнерін тамашалады. Театрлар шетелдік және отандық, классикалық
және қазіргі заман авторларының қойылымдарын өнерсүйер қауым назарына ұсынды.

Фестивальда КСРО Халық артисі Асанәлі Әшімов бастаған
өнер тарландары қазылық етті. Сәбира
Майқанованың қызы Гүлдәрі Әбдрашитова мен немересі Талғат Байқонуров өнер
мерекесінің мәртебелі мейманы болды.

Бес күнге созылған театр фестивалі қорытындысында
лауреаттар анықталып, марапатталды. Бұл шараға облыс әкімінің орынбасары Серік
Қожаниязов қатысты. Облыс әкімінің 1 млн. теңге арнайы сыйлығымен Астана қаласының
Жастар театры марапатталды. Сондай-ақ, «Қазақ классикалық драматургиясын
меңгергені үшін» номинациясына Ғ.Мүсіреповтің «Поэма о любви» спектаклі үшін
Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры ие болса, «Сахналық актерлік ұзақ
ғұмыр» номинациясына Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық
драма тетарының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Бақытбек Алпыс­баев
лайық деп танылды. «Үздік әйел бейнесі» номи­на­циясымен Ш.Айтматовтың «Ана –
Жер-Ана» спектаклін­дегі Жер-Ана ролі үшін Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ
мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актрисасы Түймехан Атымтаева
марапатталды. Ал, «Үздік ер адам бейнесі» номинациясы Софоклдың «Эдип патша»
спектакліндегі Эдип ролі үшін С.Мұқанов
атын­дағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театры­­ның актері Батырбек
Шамбетовке берілді. «Үздік сценографиялық шешім» номинациясына М.Әуезов­тің
«Қарагөз» спектаклі үшін Н.Бекежанов атын­дағы Қызылорда облыстық қазақ
музыкалық драма театры­ның қоюшы-суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген
қызметкері Серік Пірмахан лайық деп танылды. «Үз­дік режиссерлік шешім»
номинациясына режиссер Қуан­дық Қасымов ие болды. Қызылорда облысы мәде­ниет басқармасының
С.Майқанова атындағы ар­найы жүлдесімен Ш.Айтматовтың «Ана – Жер-Ана» спек­таклін­дегі Толғанай ролі үшін
Қазақстанның халық артисі Гүлжахан Әспетова марапатталды. Ал, облыстық мәдениет
басқармасының «Үздік драматургия» арнайы жүл­десіне ақын, драматург Иран-Ғайып
ие болса, бас­қарманың «Актерлік ансамбль тұтастығы үшін» арнайы жүлдесі Жұмат
Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театрына табысталды.

Айнұр БАТТАЛОВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз