САХНА САҢЛАҒЫ – СӘБИРА

61

0

САХНА САҢЛАҒЫ – СӘБИРАБүгінде Сыр елінде қазақ
сах­насының саңлағы, аналар бейнесін жасаудың алыбына айналған КСРО және Қазақ
КСР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәбира Майқанованың 100 жылдық
мерейтойы дүркіреп өтуде. «Театр анасы” атанған Сәбира апамыздың кіндік қаны
тамып, өмір есігін ашқан жері – Сырдария ауданына (кезіндегі Тереңөзек ауданы)
қарасты Қоға­лыкөл ауылы. Көнекөздердің айту­ынша, апамыздың ата тектері осы ау­ыл
маңындағы Майқантүбек де­ген жерде жатқан көрінеді. Содан да сырдариялықтар
сахна саңлағы Сәбира апаларының мерейтойына барынша дайындалып, оны туған то­пырағында
дүркіретіп өткізді. Те­рең­өзек кентіндегі мәдениет үйі мен орталық алаңға
жиналған жұрт­шылықтан көз тұнады. Шуақты ме­рекеге КСРО және Қазақстанның ха­лық
әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімов бастаған қазақ өнерінің
ондаған тарландары мен Сәбираның қызы Гүлдар Әбд­рашитова арнайы келді.

Мереке «Сахна саңлағы –
Сә­би­ра” атты С.Майқанова сомдаған роль­дерді орындаушылардың ай­мақ­­тық
байқауынан бастау алды. Бұл бай­қауға бір ғана Сыр емес, еліміздің Оң­түстік,
Шығыс, Батыс Қазақстан облыстарынан, яғни, елдің түкпір-түкпірінен он екі та­лапкер
қаты­сып, бақ сынасты.

Салтанатты шараны кіріспе
сөз­бен ашқан аудан әкімі Ғанибек Қа­зантаев Сәбира апасы жайлы жү­рек­жаржы
лебізін жеткізіп, байқауға қа­тысушыларға мерекелік гүл шоғын ұсынып, сәттілік
тіледі.

Сонымен, сахнаға Оңтүстік Қа­зақ­стан облысына қарасты
Сары­ағаш ауданынан келген талапкер Клара Оразалиева шығып, Ғабит Мүсіреповтің
«Қозы Көрпеш – Ба­ян сұлу” трагедиясындағы Мақ­пал бейнесін сомдады. Мұнан соң
Батыс Қазақстан облысы, Ақ­жайық аудандық халық театрынан кел­ген талапкер
Күлім Ғұмарова Шың­ғыс Айтматовтың «Ана – Жер-Ана” трилогиясынан Тол­ға­­най
бейнесімен шықты. Сахна сайы­­сында аралдық Мәуе Қале­но­ва М.Әуезовтің
«Қаракөз” траге­дия­сынан Маржанның бейнесін, қаза­лылық талапкер Айгерім Аса­нова
Мольердің «Сараң” коме­дия­сындағы Фрозинаның бейнесін, сыр­дариялық талапкер
Мінаш Ыс­қақ Д.Исабековтің «Мұрагерлер” драмасынан Салиха кемпір бейнесін
көрермендер назарына ұсынса, арал­дықтар Г.Матығұлова мен С.Дін­жанова,
жалағаштық талапкер Ж.Азан­баева, қармақшылық Г.Әлім­ба­ева, жаңақорғандық
Н.Қып­шақ­­баева, сырдариялық Р.Әб­дікә­рі­мо­валар Сәбира апалары ойнаған ана­лар
бейнесін барынша паш етті.

Белгілі әртіс Бақытбек Алпыс­баев бастаған байқаудың
қазылар ал­қасы жарысқа қатысушы талап­кер­лер талантын сарапқа салып, бас
бәйгені Сырдария ауданы, Ай­дарлы ауылының түлегі Рахия Әб­дікәрімоваға берді.
Айта кетейік, бай­қауға қатысушылардың барлығы да марапатталып, гүл шоқтарына
оран­ды.

Мұнан соң «Жалын” тынығу ла­ге­рінде Сәбира апамыздың
құр­ме­тіне ас беріліп, аруағына құран бағышталды.

Салтанатты шара аудандық мәде­ниет үйінің фойесінде
орналасқан «Қазақ киносының падишасы” ат­ты фото және кітап көрмелерімен
көрермендердің егжей-тегжейлі та­­ны­суымен өз жалғасын тапты. Одан әрі өнер
майталманының 100 жылдық торқалы тойына орай тү­сірілген «Сахна саңлағы –
Сәбира” атты деректі фильмнің тұсаукесер рәсімі болды. Деректі фильм көр­сетілімінен
бұрын сахна төріне Қа­зақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Мемлекетік
сыйлықтың лау­реаты, белгілі актер, режиссер Асан­әлі Әшімов көтеріліп, Сәбира
апа­сы жайлы жан тебірентерлік сөз сөйледі. Кезінде Сәбира апасынан
тәлім-тәрбие алып, өнер жолына түс­кенін тілге тиек еткен Асанәлі:

– Мені өмірге әкелген бір анам болса, өнерге әкелген
екінші анам – Сәбира апам. Сәбира апайдың шуағы бізге де мол шабыт берді.
Бойымызға қуат, санамызға адамгершілік сіңі­ріп, өркениетті өнер жолына салды.
Оның ұл-қыздарын ғана емес, қай­сыбір болмасын қазақ балаларын адамгершілік
рухында тәрбиелеген аналық асыл қасиеті мәңгі жасай бермек, – деген ол шуағы
мол Сә­бира апа жайлы толғана сөйледі.

С.Майқанованың 100 жылды­ғы­на арналған деректі
фильмді дай­ындаған «Сырдария – медиа” кә­сіпорындар бірлестігі. Студия ди­ректоры
Ә.Машрапов. Ал, қаржысы 1926,0 мың теңге тұрады екен.

Деректі фильм көрсетілімінен соң Сәбира апамыздың қызы
Гүлдәрі Әбдрашитова сөз алып, аналарының әруағын қолдап, 100 жылдық тор­қалы
тойын дүркірете өткізіп жат­қан жерлестеріне алғысын жет­кізді. Мұнан соң
мәдениет үйінің сах­насында Сырдария аудандық ха­лық театры дайындаған Дулат
Иса­бековтің «Мұрагерлер” қойылымы сахналанды.

Тереңөзек кенті орталық ала­ңында қазақ эстрада
жұлдыздары Зат­тыбек Көпбосынов, Жанболат пен Жәзираның қатысуымен кеш­кі­лік
бастау алған мерекелік гала-концерт түн ортасына дейін тұрғындарға ән мен
күйден, әсем биден толасыз шашу шашты.

Еркін ӘБІЛ.

Сырдария ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз