ШИЕЛІЛІКТЕР ТӘТТІМБЕТ КҮЙЛЕРІМЕН СУСЫНДАДЫ

66

0

Қарағанды облысының Сыр өңірінде өткізіліп жатқан мәдени күндерінің аясында Қарағанды облыстық академиялық-ұлт аспаптар оркестрі Шиелі ауданындағы мәдениет үйінде өнер көрсетті. Құрамында 50 өнерпазы бар өнер ұжымы Тәттімбеттің күйлерімен қатар күй атасы Құрманғазының да көптеген шығармаларын нәшіне келтіре орындады. Сондай-ақ, көрермендерді Шәмші Қалдаяқовтың бірнеше әндері тербетті. 
Шиеліліктер атынан аудан әкімі Мұрат Ергешбаев «Тәттімбет» атындағы академиялық-ұлт аспаптар ансамблі өнерпаздарына алғыс сезімін жеткізіп, алғыс хат табыстады. Сондай-ақ, қонақтардан Қ.Байжанов атындағы Қарағанды қоғамдық бірлестігінің директоры Талғат Ыдырысов көрермендердің ыстық ықыласы үшін алғыс сезімін білдірді. 
Н.НАЗЫМХАНҰЛЫ.
Шиелі ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз