ТЕКТІ СӨЗДІҢ ТӨРЕСІ

95

0

Үстіміздегі жылдың 5-7 қарашасында Астана қаласында ҚР
Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық – саяси жұмыс
комитетінің ұйымдастыруымен елімізде тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Текті
сөздің төресі – терме» атты республикалық байқау болып өтті.

Байқауға еліміздің әр аймағынан 32 тер­меші қатысып,
бақтарын сынады. Астана қа­ласындағы «Конгресс – Холл» сарайында өткен
қорытынды кеште үздік деп танылған он термеші өз өнерлерімен көпшілікті
сүйсінтті, жүлдегерлер марапатталды.

Республикалық байқауға облыстық тіл­дер­ді дамыту
басқармасының жолдамасы­мен Қармақшы ауданы, Көшеней жырау атын­дағы «Жыраулар
үйінің» директоры, жы­рау, Жиенбай жыр мектебінің өнерін наси­хаттаушы Серік
Жақсығұлов пен облыс­тық халық шығармашылығын дамыту жә­не мәдени-продюсерлік
орталығы жыр сек­то­рының меңгерушісі, «Мәдениет саласы­ның үздігі» төсбелгісінің
иегері Майра Сәр­сен­баева қатысып, республика бойынша үздік он­дықтың қатарына
енді.

Байқау қорытындысымен Серік Жақсы­ғұ­лов жүлделі ІІ
орынға ие болып, 750 мың теңге сыйақының иегері атанса, Майра Сәрсенбаева
ынталандыру сыйлығына ие болды.

Байқауға қатысушылар алдын ала берілген «Ұлытауда
туған ұлы ойлар», «Киелі мекен – Ұлытау», «Мемлекеттік тіл – менің тілім»,
«Мәңгілік ел – мәртебелі тіл», «Ұлттың қуаты – тілінде», «Тілден артық қасиет
жоқ», «Сөз – халықтың қымбаттан қымбат қазынасы» тақырыптары бойынша өз
ойларынан шыққан термелері мен белгілі ақын-жыршылардың шығармаларын орындады.

Термешілер өнеріне ҚР Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл,
Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, ҚР мәдениет қайраткері Алмас Алматов, профессор Серік
Негимов, әнші-термеші Клара Төленбаева қазылық жасады.

Ж.БАЛАБАЙҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз