ТІЛ БІЛГІРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

75

0

Қазалы ауданының мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен №170 орта мектепте үш тілді – қазақ,
орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау,
көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, өзге де халықтардың мәдениеті мен тілін
құрметтеу мақсатында «Тілдарын – 2014» аудандық олимпиадасы өтті.

Дарындылар додасында 18-25 жас аралығындағы он­ға тарта
талапкер өзара тар­тысқа түсті. Сайыс берілген та­қырыптың мазмұнын ашу, эссе
жазу және мәтінге ау­дар­ма жасау бойынша үш ке­зеңнен өткізілді. Аудандық бі­лім
бөлімінің әдіскері С.Берді­бекұлы, №216 мектептің орыс тілі пәнінің мұғалімі
Д.Ка­таева, №170 мектептің қа­зақ тілі пәнінің мұғалімі Б.Орын­бай, №234
мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Н.Арзиева қатысушылардың білім деңгейін
сарапқа салды.

Нәтижесінде №249 мектеп-лицей мұғалімі Мейрамкүл
Өтегенова І орынды жеңіп алып, облыстық олимпиадаға жолдама алды. Жүлделі ІІ,
ІІІ орындарды №100 мектептің мұғалімі Нұргүл Сарманова, №70 мектептің мұғалімі
Нәз­ерке Асамадинова иеленді. Жеңімпаздар диплом, бағалы сыйлықтармен
марапатталды.

Қайыркелді Табынбаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз