ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАРДЫ ТАЛАНТЫМЕН ТАМСАНТҚАН

63

0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында өткен концерт «Эти глаза напротив” деп аталды. Бұл концертті қала тұрғындарына «Таланты мира” қоры мен Б.А.Покровский атындағы Мәскеу мемлекеттік академиялық театрының солисі Николай Щемлёв тарту еткен болатын.
Николай Щемлёв – белгілі баритон дауысты әнші. Ол вокалистердің ІІ Бүкілресейлік ашық конкурсының лауреаты, сондай-ақ Джакомо Пуччини шығармаларын үздік орындағаны үшін және басқа марапаттардың иесі. Театр труппасы құрамында Австрия, Германия, Дания, Швейцария, Италия, Испания, Жапония елдерінде гастрольдік сапарда болып, онда Моцарттың «Фигароның үйлену тойы” операсындағы граф Альмавивтің, «Севиль шаштаразында” Фигаро партиясын шеберлікпен орындаған. Міне, Сыр сахнасында да орыстың ұлттық әндері мен романстары орындалды.
Сонымен бірге Николай Щемлёв – Муслим Магомаев шығармашылығының табынушысы. Қызылордалық өнерсүйер қауым алдында «Чертово колесо”, «Шагает солнце по бульвару”, «Свадьба”, «Эти глаза напротив” және басқа әндер шырқалды. 
Николай Щемлёв кешкілік «Славяне” қоғамдық-мәдени орталығының белсенділерімен кездесіп, олардың ортасында орыстың «Вдоль по Питерской” ұлттық әні мен атақты композитор Арно Бабаджанянның бірқатар опера, романс, әндерін шырқады. 
Кездесуге Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық хатшылығының жетекшісі Асылбек Жұмабаев қатысты.
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз