ҮЗДІК ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

50

0

Елімізде жыл сайын оқушы­лардың шығармашылық әлемін
шыңдау үшін республикалық деңгейде түрлі байқаулар мен сайыстар ұйымдастырылып
келеді. Осындай конкурстардың бірі
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолдауымен
жүзеге асуда. 2012 жылдан бері
өткізіліп келе жатқан дәстүрлі республикалық байқаудың биылғы тақырыбы
«Абай және Әуезов: рухани үндестік”
болып табылды.

Сайыстың
негізгі мақсаты – қазақ әдебиетінің классиктері Абай Құнанбаев пен М.Әуезовтің
шығармашылық мұраларын жас­тар арасында кеңінен насихаттау, жасөспірімдерді
көркем әдебиетке баулу, ғылыми-зерттеу жұмыстарының ережесін білу және
мемлекеттік тілді дамыту. Басты талап конкурсқа
9-11 сынып аралығындағы оқушылар қатыса алады. Байқауға ұсынылған
шығармалар 2014 жылдың 10 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Жеңімпаздар
диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жүлделі орынға ие болған
оқушылар 2014 жылдың 26 қыркүйегінде өтетін «Абай және М.Әуезов оқулары”
ғылыми-тәжірибелік конференциясында марапатталатын болады. Сондай-ақ үздік шыққан шығармалар кон­фе­ренция материалдарының жина­ғына еніп, «Қазақ
әдебиеті”, «Ана тілі” газеттерінде жарық көреді.

Егер
сіз де осы байқауға қатысып жеңімпаз боламын десеңіз, қазірден бастап кіріскеніңіз
жөн. Байқау шарттарын толық білу үшін мына байланыс телефонына хабарласып, керекті ақпаратқа қол
жеткізуге болады. +7 (7272) 61-22-27, 61-74-41, 90-06-16.

С.АДАЙБАЕВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз