ЖАС ТАЛАНТТЫҢ ЖАРҚЫЛЫ

52

0

ЖАС ТАЛАНТТЫҢ ЖАРҚЫЛЫСүйінші! Наурыздың 20-24-күндері аралығында Алматы қаласында өткен ІІ халықаралық «ALMALY.KZ» балалар өнер фестивалінде жерлесіміз Арайлым Берік бас жүлдені, «Вокал – 2014» жарысы негізінде І орынды жеңіп алды. 
Өнерді жанына серік еткен Арайлым «Мини мисс «ALMALY.KZ – 2014» сайысы бойынша 2015 жылдың қаңтар айында Лас-Вегас қаласында, «Вокал – 2014» сайысы бойынша желтоқсан айында Латвияның Риго қаласында өтетін халықаралық фестивальде қазақ елінің намысын қорғайтын болады. Бұған дейін ол І Халықаралық «Кинотаврик.kz» балалар өнер фестивалінің дипломаты, «Біз Отанның ұланы» атты республикалық байқауда ІІІ жүлделі орынды иеленген. Талабы таудай жас талантқа бізде өз кезегімізде сәттілік тілейміз. 
М.ОТАРАЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз