ЖАЗУШЫМЕН ЖҮЗДЕСУ

95

0

Бүгінде алды Сыр бойы жазушыларының 200 томдығы қатарынан «Жұмыр жерде біз бармыз» деген атпен шыққан повесть, әңгімелерінен бастап, басқа да көптеген шығармалары – 8-9 жеке кітап болып жарық көрген жазушы-журналист Айжарық Сәдібекұлының шығармашылық жолы да, қолтаңбасы да оқырманға жақсы таныс.
Жылан жылының соңғы күндерінің бірінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы шығармашыл студент жастардың «Жас толқын» әдеби бірлестігіне Айжарық Сәдібекұлының шақырылуы тегін емес-тұғын. Бұл шара университет қабырғасындағы проза жанрында қалам тербеп жүрген жастардың тұсаукесер рәсімі ретінде ұйымдастырылып, осы кеште бірлестік жанынан проза бөлімі ашылуының да жоралғысы жасалды. Бұрын бірыңғай поэзиямен айналысатын Сыр жастарының әдеби орталығы ретінде танылып келе жатқан «Жас толқын» бірлестігі осылайша шағын әңгімелер жазатын жастардың да ортақ шаңырағына айналуды мақсат тұтып отыр, – дейді бірлестік жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Шанжархан Бекмағанбетов.
Кездесу кешінде Айжарық Сәдібекұлы өзінің шығармашылық жолы туралы әңгімелеп, студенттердің сұрақтарына жауап берді, олардың шығармашылық талаптарына бағыт сілтеді. Шарада қаламгер Әскербек Рахымбеков қаламдас әріптесінің шығармашылығы туралы пікірін айтып, өз өлеңдерін оқыды. 
Қазіргідей кітаптың да, жазушының да қадірі түсіңкіреп тұрған кезеңде жастар арасында талапкерлер аз емес екен. Кездесу қонағы прозаның шағын әңгіме жанрымен айналысып жүрген жастар ішінде филология және журналистика мамандықтарында оқитын Ақнұр Бектай, Салтанат Бақберген, Асылхан Ерниязов, Ботагөз Бексары, Назерке Байділдаева, Балтабай Ордабеков сияқты жастардың ілкі қадамдарына игі тілектер айтып, талапкер жастармен байланыс жасап тұратындығын жеткізді.   
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз