ЖЫРАУЛЫҚ ӨНЕРДІҢ ЖАЛҒАСТЫҒЫ

104

0

Бабадан жалғасқан ақындық, жыраулық өнердің ұлылығын  сақтап, ұлы өлкеміздегі жырау қыздар көшін бастаған айрықша талант иесі, көмейіне  бұлбұл  ұя  салған  жыршы-термеші, Қазақ CСР-нің еңбек  сіңірген  мәдениет қызметкері Шәмшат Төлепованың есімі Қармақшы аудандық Мәдениет үйіне берілді.   

Облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов құттықтау сөз алып, қашаннан ақындық пен жыраулықтың алтын ордасы, қасиетті бесігі, өнердің өміршеңдігін танытып, жыр мұрагерлерімен дараланатын Қармақшының дүлділ қызы атанған Шәмшат анамыздың өмір, өнер жолына тоқталды. Өнер әлеміндегі жолын 12 жасында бастаған талант иесінің соғыс зардабын шеккен ауылдастарының көңіліне әсем әнімен, жақұт-жыр термелерімен бір сәтке болса да қуаныш сәулесін себетінін, жас қыздың жыраулық талантының ерте оянып, өнерге бейімділігінің барлығын сезген өнер жанашырлары оны облыстық филармонияға шақырғанын айтып өтті. Ақын, әрі сазгер Нартай Бекежанов басқарған өнер бригадасында жүйрік жырау Рүстембек Жиенбаевпен бірге қызмет жасай жүріп, аға буыннан тәлім-тәрбие алып, өнердің қыр-сырына қаныққан жыршы аз уақытта өзінің табиғи талантымен танылып, қызығы мен қиындығы мол өнердің сара жолына түскенін, Өзбекстан Республикасын аралап, өз өнерімен халықтың ықыласына бөленгенін мақтанышпен жеткізді.    

Тағылымды шара мұнан әрі «Жыраулық дәстүр жалғастығы және Шәмшат әлемі» атты ғылыми-практикалық конференцияға ұласты.  

 

Гүлжанат ДҮЗЕНОВА. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз