Нұрлан Ермекбаев жұмыс сапарымен Германияға барды

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев жұмыс сапарымен Германия Федеративтік Республикасына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Биылғы 18-20 шілде аралығында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында қамтылған 5 институционалдық реформаны іске асыру аясында құқық қорғау жүйесін жаңғырту жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын басқарған Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев Германия Федеративтік Республикасында сапармен барды.

Сапардың негізгі мақсаты - құқық қорғау органдарына кадрларды іріктеу және даярлаудағы, сондай-ақ федералды және жер полициясының қызметі мен өзара ықпалдастығын ұйымдастырудағы әлемдік үздік тәжірибелердің бірден-бірімен танысу, қылмыстық жазалар жүйесін зерттеу. Сапар барысында Сыртқы істер министрлігінің және Федералдық ішкі істер министрлігінің, өңірлік полиция органдары мен және пенитенциарлық жүйенің, сондай-ақ полиция академиясының басшылығымен кездесулер өтті.


Өткен іс-шаралар нәтижелері құқық қорғау қызметінің тиімділігін және мәртебесін, қызметкерлердің жалақысын және әлеуметтік тұрғыдан қамтылуын жақсарту жөнінде атқарылып жатқан жұмыс барысында ескерілетін болады. Сапар барысында Н.Ермекбаев Бремендегі «Райнметал груп» әскери-өнеркәсіптік кәсіпорынға барып, жасалған өнімдердің үлгілерімен танысты.  



Саясат 23 шілде 2018 г. 550 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Наурыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031