Украина президенті Порошенко Семейдің қызына үйленген бе?

Украинаның президенті Петр Порошенконың әйелі шын мәнінде Семей қаласының тумасы болуы мүмкін. Strana.ua сайты бірінші ханымның ресми өмірбаянында оның Киевте дүниеге келгені туралы ақпаратты жалған деп тауып, оны растайтын дәлелдерді келтірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Басылым құқық қорғау органдарындағы дереккөздеріне сүйене, Марина Порошенконың Қазақстан тумасы екенін мәлімдеді. Дәлел ретіндегі құжатта президент жұбайының туылған жері Киев емес, Семей қаласы екені көрсетілген. Мұндай жайттың орын алуына бірінші ханым анасының жұмысы себепкер болса керек. Людмила Преведенцева әскери өндіріс қажеттілігін қамтамасыз ететін "Арсенал" атты киевтік зауытта қызмет атқарған.

Осы орайда, әйел адамның кеңестік ядролық өндірісті дамыту үшін ұзақ уақытқа Семейге іссапарға жіберілгенін болжауға болады. Басылымның айтуынша, бұл уақыт Марина Порошенконың туылуымен тұспа-тұс келіп тұр.

Саясат 08 сәуір 2019 г. 858 0