Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин Нұр-Сұлтан қаласына келді

Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтан қаласына келді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Сапар аясында оның Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен екіжақты кездесулері, сондай-ақ Қазақстан-Корей бизнес-форумына қатысуы жоспарланған. Бұған дейін Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин Орталық Азияға сапары аясында 21-23 сәуір күндері Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетінін хабарлаған болатынбыз. 


Дереккөз: inform.kz


Саясат 22 сәуір 2019 г. 2 398 0