Сындарлы сәтте ел сенімі серпін береді

   Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен«Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезі өтті.

Кезектен тыс өткен ХІХсъездің күн тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті сайлауына«Nur Otan» партиясының атынан үміткер ұсыну жөніндегі мәселе қаралды.

Партияластарыныңалдында сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ауыр дағдарыс жағдайындабасталған тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыру жолы оңай болмағанын еске салды.

– Экономиканың жаппайкүйреуі халықтың басым көпшілігін күйзеліске ұшыратты. Көптеген сарапшыларэтносаралық шиеленістер мен қақтығыстар болады деп болжам жасады. Бірақ, бізөзіміздің егемен елімізде бейбітшілік пен келісім жағдайында өмір сүругелайықты екенімізді бүкіл әлемге дәлелдедік. Менің «алдымен экономика, сосынсаясат» деген негізгі қағидатым дұрыстығын дәлелдеді, – деді «Nur Otan»партиясының Төрағасы.

Қазақстанның ТұңғышПрези­ден­ті дұрыс жүргізілген саясаттың ар­қа­сында еліміздің посткеңестіккеңіс­тіктегі қарқынды дамып келе жат­қан мемлекетке айналғанын айтты.

«Nur Otan» партиясыныңТөр­ағасы жолдардың құрылысы мен қайта жөнделуінің зор нәтижелерін атап өтіп,Тәуелсіздік жылдарындағы қазақстандықтардың табысының өсіміне тоқталды.

– Біз үшін ең қиынболған жылдарда мен мыңдаған жас қазақ­стандықтарды әлемнің үздікуниверситеттеріне жібердім. Бүгінде озық білім беру жүйесін Қазақстандақалыптастырамыз. Оның өзегі Назарбаев зияткерлік мектептері мен НазарбаевУниверситеті болмақ, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаевденсаулық сақтау ісі мен мәдениет саласындағы жетістіктерге де тоқталды.

– Маған өз халқымменбірге тәуелсіз Қазақстанды құру мәртебесі бұйырғанын мақтан тұтамын. Қиынзаманға қарамастан халқым менің бастамаларыма әрдайым қолдау көрсетті. Соныңарқасында біз барлық нәтижелерге қол жеткіздік. Мен еліміздің халқынаризашылығымды білдіремін, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сонымен қатар, «NurOtan» партиясының Төрағасы Қазақ­станның одан әрі табысты дамуын біздіңбағдарымыздың сабақтастығы ғана қамтамасыз ететінін айтты.

– Төртінші өнеркәсіптікрево­лю­ция талаптарына сәйкес елі­мізді технологиялық және инфра­құрылымдықтұрғыдан дамытудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Цифр­ландыру және инновацияныенгізу есебінен еңбек өнімділігі мен экономиканың бәсекеге қабілеттілігі артты.Осы ауқымды жұмыстардың бәрі бүкіл қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруғабағытталған, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан НазарбаевКонституция бойынша өзіне бекітілген өкілеттіліктерге сәйкес Отанымыздыөркендету үшін жұмыс істей беретінін айтты.

– Мен төраға болып қалаберетін Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында атқаратын жұмыс көп. Қоғамдықкелісім мен ұлтымыздың бірлігін нығайту үшін ісімізді жалғастыра береміз.Қауіпсіздік Кеңесін басқара отырып, мен өзімнің көпжылдық тәжірибемді ішкі жәнесыртқы саясатты анықтай отырып, елімізді дамытудың бірқатар негізгі мәселелеріншешуге бағыттаймын. Мен бұрынғысынша ең ірі «Nur Otan» саяси партиясыныңТөрағасы болып қала беремін, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Елбасы НұрсұлтанНазарбаев таңдап алған саяси және эконо­микалық бағдар сабақ­тасты­ғыныңсақталуына партия кепіл болуға және белгіленген міндеттердің бәрін жүзегеасыруға тиіс екенін айтты.

– Жаңғырудыңтиімділігін, соның ішінде партияның «Бақытты отбасы», «Құтты мекен», «Ауыл – Елбесігі» және «Халыққа көмек» жобаларын жүзеге асыру аясында әрбірқазақстандықтың сезінуіне қол жеткізуіміз керек, – деді «Nur Otan» партиясыныңТөрағасы.

Қазақстанның ТұңғышПрезиденті қазақстандықтардан өз атына көптеген хат келіп жатқанын айтып,қазақстандықтардың дос­тығы мен құқықтарының теңдігі өзгермейтініне сенімбілдірді.

Нұрсұлтан НазарбаевҚасым-Жомарт Тоқаевты еліміздегі жоғары лауазымға лайықты үміткер екенін айтып,оның Отан алдындағы сіңірген еңбегі мен жеткен жетістіктеріне тоқталды.

– Қасым-Жомарт Тоқаевменімен бірге тәуелсіздіктің алғашқы жыл­да­рынан бастап қызметтің түрлісаласында жұмыс істеді. Ол – ұзақ жылдар Сыртқы істер ми­нистр­лігінежетекшілік етіп, Қазақ­станның сыртқы саясатын бірге қалыптастыруғаатсалысқандардың бірі. Оның дипломатиялық дәрежесі шетелде жоғары бағаланады.Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас хатшысының орынбасары болғанын және тәжірибелімемлекет саясаткері екенін жақсы білесіздер, – деді Қазақстанның ТұңғышПрезиденті.

Сондай-ақ, Елбасыреспуб­ликалық қоғамдық сайлау штабының жұмысын үйлестіруді тапсырып,азаматтардың барлық санатымен жұмыс жүргізудің қажеттілігіне назар аударды.

Соңында ҚазақстанныңТұңғыш Президенті қазіргі жағдайда тұ­рақ­ты дамып, өсіп-өркендеу үшінха­лықтың бірлігі бекем болуы және барша қазақстандықтардың бірлесе күш-жұмылдыруықажет екенін атап өтті.

– Біз бұл кезеңді ешқиындықсыз еңсеретінімізге сенімдімін. Біздің мақсатымыз – халқымыздыңәл-ауқатын арттыру және елімізді одан әрі ілгерілету. Мемлекетке құрметкөрсету, азаматтардың бір-бірін сыйлауы – тұрақтылықтың белгісі, – дедіНұрсұлтан Назарбаев.

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасының Баспасөз қызметі.

Саясат 25 сәуір 2019 г. 581 0