Елбасы жапон императорының таққа отыру рәсіміне қатысып жатыр

Бұл туралы Қазақстанның тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында жазды.

Бүгін сейсенбіде Жапонияның жаңа императоры Нарухитоның таққа отыру рәсімі өтіп жатыр. Салтанатты шараға әлемнің 200 елінің көшбасшылары мен құрметті қонақтар қатысуда. 

Нарухито мамыр айынан бастап билікті өз қолына алғанымен, Хризантема тағына ресми түрде бүгін отырады. Аталған күн елдегі билік ауысуын реттейтін ежелгі жапон жыл санағына сәйкес таңдалған. Мерекені атап өту үшін жапон халқына 22 қазанда біркүндік демалыс берілді.

Еске салсақ, кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Токиоға келгені туралы хабарланған еді

Ресми таққа отырғызу рәсімі Император сарайында өтуде. Сондай-ақ сапар барысында Елбасы бірқатар екіжақты кездесулер өткізетіні белгілі. 

Саясат 22 қазан 2019 г. 508 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930