Тоқаев: Иранның өз кінәсін мойындауы – маңызды шешім болды

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тегеран маңында ұшақ апатының құлауымен байланысты болып жатқан оқиғаларға өз пікірін білдірді.

«Иран билігінің бірқатар мемлекет азаматтарының өмірін қиған әуе апаты үшін өз кінәсін мойындауы - маңызды шешім болды. Бейбіт азаматтарды да құрбан қылатын шиеленісті бәсеңдету үшін, қалыптасып отырған жағдайда барлық тараптар ұстамдылық танытуы керек», - деп жазды президент twitter парақшасында. 

Саясат 13 қаңтар 2020 г. 161 0