Елбасы Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті

29

0

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында биылғы 30-31 қазанда Астанада Сирия мәселесі бойынша өткен халықаралық кездесудің кезекті раундының қорытындыларын талқылады. Тараптар Сириядағы жағдайды толығымен реттеу үшін Астана процесін әрі қарай жалғастырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Президенттер, сондай-ақ, биылғы 9 қарашада Челябинск қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумына дайындық барысын қарастырды.
Бұдан бөлек, екі елдің көшбасшылары екіжақты қарым-қатынастардың және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелеріне назар аударды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз