ЖАНАМА САЛЫҚТАҒЫ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

Қазақстан Республикасы мен Байқоңыр қаласының салық төлеушiлерінің  өзара саудадағы  жанама салық салуға байланысты енгізілген өзгерiстер туралы облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы Әділбек Бекішев жауап береді. 

Сұрақ: Байқоңыр қаласына байланысты салық салымы бойынша қандай өзгерістер болды?

Жауап: Байқоңыр қаласының мәртебесi және ондағы  атқарушы органдарын құрудың тәртібі  мен олардың мәртебесі  туралы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы  Келісімге енгізілген өзгерiстерге байланысты 2017 жылдың 5 маусымындағы хаттамасы күшіне енді. 

Осы Келісімнің 12-1 бабына сәйкес, Байқоңыр қаласының салық органында тіркелген дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар мен Қазақстан Республикасының басқа аумағында тіркелген жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар арасында жасалатын тауарларды өткізу айналымдары болған жағдайда, Байқоңыр қаласының аумағынан Қазақстан Республикасының өзге аумағына тауарлар әкетілетін жағдайда немесе Қазақстан Республикасының өзге аумағынан Байқоңыр қаласының аумағына тауарлар әкетілетін жағдайда –қосылған құн салығы (бұдан әрі ҚҚС) нөлдік ставка бойынша салынады және акцизделетін тауарларға қатысты акциз төлеуден босатылады.

Сонымен қатар Байқоңыр қаласының аумағынан Қазақстан республикасының өзге  аумағына тауарлар әкелген жағдайда жанама салықтар Салық кодексінде белгіленген ставкалармен салынады, ал Қазақстан Республикасының өзге аумағынан Байқоңыр қаласының аумағына тауарлар әкелгенде РФ Салық кодексінде белгіленген ставкалар бойынша жанама салықтар салынады.

Сұрақ: Бұл өзгерістердің себебі немен байланысты? 

Жауап: Бұл өзгерістер өзара саудадағы, Қазақстан Республикасы  мен Байқоңыр қаласының шаруашылықпен айналысатын субъектілерінің арасындағы салынатын қосалқы  ҚҚС-мен байланысты салық төлеушілерден келіп түскен сансыз үндеулерге қатысты болып отыр.

Бәрімізге белгілі Байқоңыр қаласында Ресей Федерациясының салық заңнамасы қолданылады. Осыған байланысты Байқоңыр қаласының кәсіпкерлер субъектілерінің сауда жасағандағы  Қазақстан Республикасында төлеген ҚҚС  сомасы  Ресей Федерациясымен есепке жатқызуға алынбаған және керісінше Ресей Федерациясында төленген ҚҚС сомасы Қазақстан Республикасында есепке жатқызуға алынбаған. Бұл салық төлеушілер жағынан дәлелді наразылық туғызды. Сонымен қатар бұл жағдай тауарлардың бағасының  көтеріліуіне әсерін тигізді.

Бүгінгі күні, енгізілген өзгеріске байланысты, тауар сатушы (ҚҚС төлеуші) Байқоңыр қаласының субъектілерімен сауда жасағанда шот-фактураны нөлдік стаквкамен жазуға міндетті, яғни сатып алушы тауарды ҚҚС есебінсіз төменгі бағамен алады және керісінше Байқоңыр қаласында тіркелген ҚҚС төлеушісі Қазақстан Республикасының өзге аумағына тауар сатқанда шот-фактураға ҚҚС сомасын нөлдік ставкамен жазады. Нәтижесінде қосалқы салық салымы жойылады.

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мен  Байқоңыр қаласындағы Ресей Федералды салық қызметімен бірлесе отырып күшіне енген өзгерістерге байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Жекелеп алғанда, кездесу мен семинар өткізу барысында Байқоңыр қаласының  салық төлеушілері  тауар сатушылардан  шот-фактураны ҚҚС сомасын нөлдік ставкамен алуда проблемалар туындап жатқанын айтты.

Бүгінгі күні бұл бағытта жаппай және жекелеген мекен жайлар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Бұндай  жағдайлар болған жағдайда, тауар сатушы салық төлеушінің тіркелген орны бойынша, аумақтық салық органдарына хабарлауды сұраймыз.

Сұрақ: заңнамаға енгзілген өзгерістерге байланысты салық төлеушілерге қандай талаптар қойылады?

Жауап: Қазақстан салық төлеушілері үшін   ҚҚС сомасы нөлдік ставкамен көрсетілген тауардың сатылғаны ҚҚС декларациясында (300.00 СЕН) көрсетіледі, сонымен қатар нөлдік ставканы қолданылғаны -  шарттармен, түсімінің түсуі туралы банктің көшірмелерімен, тауар әкелгені туралы өтінішпен, көлік құжаты мен хаттамамен бекітілген басқа да құжаттардың тізбесімен  дәлелденеді.     

Байқоңыр қаласы аумағынан Қазақастан Республикасының өзге аумағына импорт тауарын әкелгенде салық  төлеуші аумақтық  салық органына тауар әкелгені және қосымша құн салығының төленгені туралы өтінішін  (328 СЕН бойынша) 320.00 СЕН декларациясымен бірге салық кезеңінен кейінгі әр айдың 20 күнінен кешіктірмей электронды түрде тапсыруға міндетті.

Осыған ұқсас тәртіп Байқоңыр қаласының салық төлеушілеріне де көзделген.

 

Cұхбат 18 қазан 2017 г. 1 160 0