Тәртіпке тізгін тегеурінді

Әдеп жөніндегі кеңестің қызметі тәртіп бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Жылдан жылға қаралатын тәртіптік істердің саны азайып келеді. Яғни, бұл атқарылып жатқан іс-шаралардың тиімділігін көрсетсе керек. Осы орайда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Берікбол Байхожаевпен әңгімелесудің сәті түсті.

– Берікбол Ұзақұлы, алдымен Әдеп жөніндегі кеңестің атқарып жатқан жұмыстарын бағамдасақ...

– Облыстағы әдеп жөнін­дегі кеңес мүшелері биыл мемле­кет­тік қызметке қатысты 43 мәселені қарады. Оның 19-ы тәртіптік іс болса, 24-і заңнама бұзушы­лық­тарының профилактикасы ба­­ғы­тындағы мәселе. Аудан әкім­дері мен мемлекеттік орган басшыларының мемлекеттік қыз­мет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы бойынша ат­қар­ған жұмыстары туралы 10 рет есептері тыңдалды. Әдеп жө­ніндегі уәкілдер 4 рет атқарған қызметтерінің нәтижелерін ба­ян­дады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүр­гізілген сыртқы талдау қо­ры­тындысы 2 рет көтерілсе, мем­лекеттік қызметте әдептілік дең­­гейін арттыру жөніндегі ке­шен­ді жоспардағы мәселелер 8 мәрте қаралды.

– Мемлекеттік қызметші­лер­дің тәртіп бұзу деректері қан­дай?

– Тәртіптік істерді қарау нә­тижелерімен әдеп жөніндегі ке­ңес шешімімен 12 қызметші әр­түр­лі тәртіптік жазаға тартылды, оның ішінде 8-не Әдеп кодексі талаптарын бұзғаны үшін «ес­кер­ту», «сөгіс», «қатаң сөгіс» тәр­тіптік жазалары қолданылса, 4-не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қы­лық­тарға жол бергені үшін «қыз­метіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазалар қолданылды.

Ағымдағы жылы әдеп жө­нін­дегі кеңесі мемлекеттік орган­дардың мемлекеттік қызмет жә­не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары бұ­зу­­шылықтарының алдын алу мәсе­лесіне басымдық бері­п, бұл бағыттағы аудан әкім­дер­інің, мем­­лекеттік орган басшы­ла­рының есептері өткен жылмен са­лыс­тырғанда, 2 есеге артты. Де­­ген­мен, мемлекеттік лауазым ие­лерінің әдеп нормаларын бұзу, қыз­меттік өкілеттілігін асыра пай­далану фактілері әлі тыйылар емес.

Биыл әдеп жөніндегі кеңестің Шиелі және Арал аудандарын­да көшпелі отырыстары өткізіл­ді. Өйткені аталған аудандар­да сыбайлас жемқорлық көрініс­те­рі жиі орын алған. Осылай­ша, сы­байлас жемқорлық сипатын­дағы қылмыстар мен құқықбұзу­шылықтар аудан активімен бір­ге талқыланып, нақты ұсы­ныс­­тар қабылданды.

Мәселен, Арал ауданында орын алған қылмыстардың бар­лы­ғы да мемлекеттік қызмет көр­сету кезінде, яғни қызмет алу­шыға тікелей қағаз жүзінде қыз­мет көрсету барысында орын алға­ны белгілі болды.

Осыған орай, аудан әкімдігіне сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы күрес мәселе­лері жө­ніндегі ау­дандық комиссия­ның отырысын­да мемлекеттік көр­сетілетін қыз­меттер мәселесін ар­найы қарап, электронды қыз­мет­тердің үлесін арттыру жөнін­де ұсынымдар берілді.

– Әдеп жөніндегі кеңес мү­ше­лері кеңес жұмысын жан­дан­дыруға қандай үлес қосып ке­леді ?

– Мәселен, қаралған 43 мә­се­ленің 14-і немесе 32 про­центі кеңес мү­ше­лерінің бастамасымен енгі­зіл­ген. Бұған дейін кеңес отырыс­та­рының күн тәртібінде негізінен департаменттің тексе­руімен анық­талған, сондай-ақ құқық қор­ғау, уәкілетті органдардан ке­ліп түскен материалдар қара­ла­тын. Биылдан бастап бұл түбе­гейлі өзгерді. Кеңес мүшелерімен әлеу­мет­тік сауалнамалар, талдау­лар жүр­гізіліп, мемлекеттік қыз­мет­шілердің жұ­мыстан тыс уақыт­та қалып жұмыс жасауы бой­ын­ша 22 факті, еңбек демалы­сына уақытылы шығармау 131 фак­ті, іссапар шығындарының төлен­беуі 14 факті, біліктілігін арттыру курстарына уақытылы жібермеуі бойынша 3 факті анықталды. Қо­­рытындысы кеңес отырысында қаралып, тиісті ұсынымдар енгізілді. Нәтижесінде 170 мем­ле­кеттік қызметшінің құқығы қал­пына келтірілді.

– Департаменттің негіз­гі міндет­терінің бірі – мемле­кет­тік қызмет туралы заңна­ма­ның, Әдеп кодексінің сақта­луын бақылау. Осы бағытта қандай жұмыстар жасалуда?

– Департамент биыл 8 ай­да облыстағы мемлекеттік органдарда 38 тексеру, оның ішінде: ішінара, яғни жоспарлы 8 тексеру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жоспардан тыс 30 тексеру жүргізді. Тек­серу нәтижесінде 165 бұзушы­лық анықталып, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама­ны сақтауда тексеру қорытынды­сы­мен бұзушылықты жою туралы мемлекеттік органдарға 15 ұсыныс енгізілді.

Департамент берген ұсы­­ныс­тар нәтижесінде шағым­дан­­ған 9 азаматтың құқығы қал­­пына келтірілді және 15 мем­лекеттік қызметшіге, оның 11-і мемлекеттік қызмет заңнамасын бұзғаны үшін (7 ескерту, 2 сөгіс, 2 қатаң сөгіс), 4 қызмет эти­касын сақтамағаны үшін (1-ес­керту, 1 сөгіс, 2 қатаң сөгіс) қол­данылды. Сондай-ақ, облыс бой­ынша қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің 4 лауазымды тұлғасына ҚР Әкім­ші­лік құқық бұзушылықтар тура­лы Кодексінің 99-бабының 1-бө­лі­гімен яғни, бос мемлекет­тік әкім­шілік лауазымына орнала­су­ға кон­курстық іріктеу рәсімін бұз­ғаны үшін он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынды.

– Сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың тиімді жолы – бұл, әрине, алдын алу шараларын күшейту. Жалпы қоғамды осы бағытқа жұмылдыруда қандай жұмыстар атқарылуда?

– Бұл, әрине,  маңызды рөл атқарады. Осы мақсатта ха­лық­тың түрлі санаттағы топта­рын тарта отырып «Парасыз болашаққа. Бірге!», «Адал ұр­пақ», «Азаматтық ба­қы­лау», «Қо­ғамдық бақылау кар­­тасы», «10 қадам», «Саналы Ұр­пақ» және өзге де жобалар мен елі­міздің аймақтарында қо­ғам­­дық қабылдаулар іске асыры­­луда. «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы аясында әлеу­меттік желілер арқылы азамат­тар­дан 170 өтініш келіп түсті. Өті­ніштер негізінен жол құ­ры­лы­сы мен әлеу­метік объекті­лер­дің сапасы бойынша, медици­на, тұрғын үй, жер, білім, әлеу­меттік қол­дау, коммуналдық шаруашылық, қоғам­дық көлік және т.б. салалар­ды қам­тиды. Келіп түскен өтініш­тер бағыттарына сәйкес өз ше­шім­дерін тапты. Осы орайда, халықтың жемқорлыққа қар­сы ша­раларға деген сенімін бі­лу мақ­сатында халық көп шо­ғыр­­ланған жерлерде 84 әлеу­мет­тік сұхбат жүргізіліп, аза­­маттар­дың сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы іс-шараларға деген сенімі артқанын көрсетіп отыр.

– Елбасы үнемі кәсіпкер­лердің құқығын қорғау мен қо­лайлы инвестициялық кли­­­­мат жасау туралы айтып келе­­ді. Бүгінгі жақсарған ин­вес­­­тициялық климат пен кә­сіп­­керлердің еркіндігі эко­но­ми­камыздың даму кепілі еке­ні белгілі. Осы бағытта қан­дай жұ­мыстар бар?

– Агенттік қызметінің басым бағыттарының бірі – кәсіпкерлер құқығын қорғау. Агенттік бас­тамасымен «Рrotecting business and investments» кәсіпкерлерді және инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасы қолға алынды. Жоба­ның мақсаты – еліміздегі инвести­циялық ахуалды одан әрі жақсар­ту және инвесторларды болуы мүмкін әкімшілік кедергілер мен тәуекелдерден қорғауды қам­та­масыз ету. Бұл үшін инвестор­лар­ды сүйемелдеу жөнінде арнайы фронт офис ашылып, өз жұ­мысын бастап кетті. Қазіргі уақытта 12 инвестициялық жо­ба­ сүйемелдеуге алынып отыр. Бұл үшін аталған инвес­тор­лардың барлығымен жобаны сүйе­мел­деу туралы келісімдерге қол қойылды. Айтып өтетін бол­сақ, жыл басынан департамент­пен 7 бизнес субъектісінің құқық­тарын қорғау бойынша қажетті көмек көрсетілді. Фронт офиске «Орда Гласс» ЖШС мен «Хуавей Технолоджиз Казахстан» ЖШС-нан 2 ауызша өтініш, «Чай­на Триумф Интернэшнал», «Жо­лаушы сервис А.Б.» және «Медикеа» ЖШС-нан барлығы 5 өтініш келіп түсті. Осы орайда «Орда Гласс» ЖШС-на тиісті түсіндірме берілсе, «Чайна Триумф Интернэшнал» ЖШС-на цемент зауыты құрылысына қа­жетті 5 шетелдік маманға уақы­тынан бұрын визалық құжаттар рәсімделді. Сонымен қатар, «Медикеа ИИС» ЖШС облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен про­тездік-ортопедиялық құрал­дар­мен жабдықтау туралы ке­лісім-шарт талаптарында көр­се­тілмеген құжаттарды сұрап жат­қандығы туралы шағым­дан­ды. Шағымды қарау нәти­же­сімен 118,0 млн теңгені құ­райтын мемлекеттік сатып алу ту­ралы келісім-шарттың орындалуы қамтамасыз етіліп, «Медикеа ИИС» ЖШС-ның құқықтары қорғалды.

– Биылдан бастап агенттік­теріңіз, сосын жаңылыспасам, Маңғыстау облысы мен Ас­та­на қаласы әкімдіктері пилот­тық негізде жоғары айлық алып жатыр. Осының ерекше­ліктерін түсіндіріп берсеңіз...

– Биылғы мемлекеттік қызмет саласындағы реформаның бірі – мемлекеттік қызмет саласында факторлық-балдық шкаласын қол­дану арқылы еңбекақы тө­леу­дің жаңа жүйесіне кө­шу. Қазіргі күні жаңа жүйе агент­тік және оның аумақтық де­пар­таменттері, Әділет ми­нистрлігі және Астана қаласы мен Маңғыстау облысы әкім­діктерінің әкімшілік мемле­кеттік қызметшілеріне сы­намалы тәртіпте енгізілді. Ол ай сай­ынғы жалақыны есептеуге және бонустық төлемдерге қатысты өзгерістерді қамтиды. Яғни, бел­гіленген бөлік бұл факторлы-бал­дық шкала негізін­дегі қызмет­шінің кепілді еңбек­ақысы, ау­­ыс­палы бөлігі – бонустар.

Бұл тек лауазымның деңгейін және мемлекеттік қызметшінің жұмыс өтілін ескеретін дәстүрлі жүйеден ерекшеленеді. Жаңа жал­ақының мөлшері нарықтағы ұқсас қызметтердің құнын ескере отырып анықталады. Жаңа жүйедегі сыйақы мәселесіне келетін болсақ, біріншіден, «сый­ақы» мәні «бонус» мәніне өзгер­тілді. Екіншіден, олар жыл­дың соңында мемлекеттік қызмет­шілердің жұмыс қорытындысына байланысты төленеді.

– Мемлекеттік қызметке кі­ру үшін бос лауазымдар туралы ақпаратты қайдан алуға болады?

– Агенттік Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен мемлекеттік әкім­шілік лауазымдарға қойылатын талаптар бекітілген. Агенттіктің ресми сайтына (www.kyzmet.gov.kz) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурс жарияланады. Біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда кез кел­ген азамат конкурсқа қатыса алады.

– Рахмет!

Сұхбаттасқан

Шынар БЕКБАН,

«Сыр бойы».

Cұхбат 22 қыркүйек 2018 г. 641 0