Ардақ тұтар азамат еді

Өмір деген осы, уақыт шіркін ұшқанқұстай зымырап өтіп барады. Жетпіс жасқа жақындағанда көргендер мен көңілге түйгендерді безбенге саласың. Біреуден ілгері, біреуден кейін ғұмыр кешіп, талай азаматтармен сыйлас та сырлас болған сол бір күндерді сағынышпен еске аласың. Өнегелі өмір жолымен жүрген айтулы азаматтардың артында қалған өшпесіздері мен өлмес істерін ұрпақтарға ұлағат ету – бізге парыз. Осындай ардақ тұтар жанның бірі – Сражадин Балмағанбетов болатын. Сырекеңнің бұл өмірден өткеніне бір жыл жылжып өте шығыпты.

Сырекеңнің денсаулығының сыр бер­гені қаш-шан, бес жылдан астам уақыт бойы аурумен арпалысып, сырқатына бой бермеген. Тұла бойын тік ұстайтын. Жаны жайсаң, жүрегі жомарт, үлкенге ізетті, кішіге құрметті көшелі кісі болатын. Содан болар ақырын жүріп, анық басып, өмірден өтті.

Есімі Сыр өңірінетанымал аға жайлы не жазарымды ойлаумен болдым. «Сражадин ағаң өмірден өтті»деген суыт хабар жетісімен отбасына ат басын бұрғанмын. Бір таңғаларлығы,Сырекеңнің жұмыс бөлмесіндегі жазу сто­лының үстінде жазбалар жа­тыр. Шұқшияқарап, көз сүзгісінен өткізейін. Сөйтсем, Сырекең өзінің жерлеу рәсімінеқатысуға тиіс ағайын-туыс, әріптестері мен дос-жаран, құда-жекжаттар есімін өзқолымен жазып, аманат етіп қалдырыпты. Ай­жарық аға Сәдібекұлы екеуміз Сырекең жазбаларына көз салып, қайран қалғанбыз. Жазуы қандай десеңізші, тайға таңбабасқандай. Бір әріп не үтір-нүктеден қылаудай қате жоқ. Шынында да Сырекеңағайын-туысына ғана емес, жалпақ жұртқа шуағын шашумен өмір­ден өтті. Оған 45 жыл бойы сыйлас та сырлас, тұз-дәмдес әрі құдандалы-жекжат болған мен куәмін.Айтайын.

1973 жылдың күз айы бо­латын. Еңбек жолымды ке­зіндегі Тереңөзек аудандық «Ең­бек туы» газетінде баста­ған­мын. Үй-күй жоқ, ел жаға­лап жүргенбіз. Ол кезде ком­партияныңдүркіреп тұрған шағы. Аудандық партия коми­тетінің саяси-ағарту каби­не­тінің меңгерушісі Сражадин Бал­мағанбетовпен кездесудің сәтін салды. Жылы шырайменқарсы алған ол:

– Інім, мен Қазақ ССР50 жылдығы атындағы совхозға (қазіргі Н.Ілиясов ауылы) бастауыш партия ұйымының хатшысы қызметіне барғалы жатырмын. Есітуімше, үйің жоқ көрінеді. Біздің жатағанүйіміз бар, егер ұнатсаңдар сол үйге қоныстаныңдар, – деген-ді.

Сонымен Сырекеңніңүйі­не қоныс аударып, шуақты ша­ңырақтың шапағатына ке­нел­геніміз бар. Раунаесімді тұңғыш қызымыз да осы бір киелі шаңырақта өмір есігін ашты. Жоғарыдаайтқандай, Сы­рағамен жарты ғасырға жуық уақыт бойы тонның ішкі бау­ындайаралас-құраласа ғұ­мыр кештік.

Сырағаңның өмірдерегіне сәл-пәл ғана шегініс жасалық. Ол 1937 жылдың ақпан айында айдынды Аралдың Ақбасты ауылында өмір есігін ашты. 1956 жылы Ауан орта мектебінен орта білім алып, 1956-1961 жылдары Қызылордадағы Н.Го­­голь атындағы мемлекет­тік педа­гогикалық институты­ның физика-математика фа­культетінде оқиды. Еңбек жо­лын Тереңөзек ауданы (қазіргі Сырдария ауданы) Абай атындағы орта мектепте ұстаз болудан бастады. 1963-1967 жылдары кенттегі №36 Жданов (қазіргі Ә.Тәжі­баев) атындағы орта мектеп дирек­­торының орынбасары, аудандық кеңес атқару коми­тетінің ұйымдастыру-нұсқау бөлімінің мең­герушісі қызмет­терін атқарды. 1971-1975 жылдары Тереңөзек ау­дан­дық партия комитетінің саяси-ағартукабинетінің меңгерушісі бол­ған Сырағаң аудандық партия комитетінің біріншіхатшысы Қонысбек Қазантаевтың нұсқауы­мен Қазақ ССР 50 жылдығы (қа­зіргіН.Ілиясов ауыл­дық округі) атындағы сов­хоз­дың бастауыш партия ұйымыныңхатшысы қыз­ме­тіне жіберілді. Осы қызмет­тегі соқпақты жолдарды төмен­дегішееске алушы еді.

– Аудан басшылығындағыҚо­некең Қазантаевтың қатал да талапшыл болғанын білесіздер. Шаруа­шылықтыСоциалистік Еңбек Ері Алдаберген Бисенов басқарды. Бұл екі кісімен тіл табысып,қалтқысыз қызмет ету оңайға соққан жоқ. Жүктелген міндеттің жауапкершілігі молболатын. Қызметімді ауыл ара­сында болған келең­сіз әрекеттерді,психоло­гия­лық ахуалды мұқият зерттеуден бастадым. Ауыл ажарын келтіру жәнемәдени-әлеу­мет­тік жағдайларын жақсарту мақ­сатында да нақты шараларды жүзегеасырдық. Түптеп келгенде, ауылда бірқалыпты жұмыс атмосферасы қалыптасты.А.Бисенов басқарған жылдары ауылымыз аудан ғана емес, облыс аймағында көшбасында тұратын.

Сырағаң 1985 жылыұстаздық жолына қайта оралып, Тереңөзек кентіндегі №131 орта мектептіңдиректоры қызметіне тағайындалды. Ал, 1989 жылы кезінде тұралап тұрған №10кәсіптік-техникалық училищені қайта қалпына келтіру үшін директорлық қызметкекелді. Қиюы кеткен білім ордасын қалпына келтірумен күлкісіз күн, ұйқысыз түнөткізіп жүргенде құдай қосқан қосағы Алтынай жеңгеміз мезгілсіз өмірден озды.Жеңгеміз әрі құдағайымыздың ақ дастарханынан талай дәм татқанбыз. Ақжарқын,дас­тарханы мол болатын. Жұбайының өмірден ерте кетуі оның өзегіне өкініш салды.Шүкір, артында алты ұл мен қыз қалдырып, отбасының отанасы атанып өмірден өттіғой. Тағдырдың жазмышына қолдан келер шара жоқ. Жо... жоқ, бар екен. 

Алла сәтін салып 1999жылы Сырағаң Жүзтайқызы На­ғимамен бас қосып, ша­ңы­рақты қайта тіктеді. Алтынайдың орнын басқан Нағима да тегін емес, текті екен. Жиырма жыл бойы қо­сағымен қоса ағарып, парызын өтеді. Қолтығына демеу, жанына медеу болғаныныңбіз куәсіміз. Жарының сырқатына дәрі-дәрмек іздеумен сабылып жүретін. Соданболар Сы­рекең өмір­ден озарда «мен саған қарыз­дармын» деген риза­шылығынбілдіріпті. 

2000 жылы пайғамбар жасына келіп, құрметті зейнет де­малысына шыққан ол қол қусырып қарап отырудықаламады. 2009 жылға дейін Алматы заң колледжінің Қызыл­орда филиалында жәнеҚы­зылорда гуманитарлық заң коллед­жінде студенттерге математика пәнінен білімберді. 

Ел алдындағы еңбектеріде ескерусіз қалған емес. 1976 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Сон­дай-ақ, ол «В.Ле­ниннің ту­ғанына 100 жыл», «Ұлы Жеңіс­тің 70 жылдығы» жәнетағы басқа мерекелік медаль­дар­дың ие­гері. Кезінде аудан­дық пар­тиякомитетінің мүшесі, аудандық ке­ңестің бірнеше дүркін депутаты болып сайлануы,«Сырдария ау­данының құрметті азаматы» атануы ха­лық сенімінен туған құрметболса керек.

С.Балмағанбетов туралыжазбама нүкте қояр сәтте оның бітім-болмысы көз алдымда көлбеңдеумен тұрды. Бауыр еті балаларын жетілдіру, қата­рынан кем қылмай тәрбие беру, ата-ана атынакір келтірмес азамат атандыру – басты ұстанған қағидасы болатын. Оның бейнесібізге ақ жолдан адаспауды, шындық үшін шырғалаңға түссең де жаза баспай жүрудімеңзеп тұрады. Ол кісінің киім киісі мен жүріс-тұрысы, сөйлеу мәнері өзгелерденозық болатын. Шындықты, адалдықты жақтайтын. Тағы бір ерекшелігі, бақастық, іштарлық, көреалмаушылық, даң­ғойлық пен мақтаншақтық, бекерге мал­ шашпақтықтан бойын аулақ ұстайтын. Бұл ағамыздың ақы­рын жүріп, анық басуды басты ұстаныметіп, соқпағы мол өмір жолымен сүрінбей жүруді мұрат тұтқанынан болар, сірә.

«Өлді деуге бола ма айтың­даршы, өлмейтұғын артында із қалдырған» демекші, Сыр­ағаңды өлді деуге әсте болмайды, өйткені ұяға қонған ұлдары, қияға қонған қыздары бар, айналасына шашқан өшпес шуағы бар.

 

Еркін ӘБІЛ,

журналист.

ТАҒЫЛЫМ 07 қараша 2019 г. 65 0