Қанды қырғыннан аман қалған

72

0

Қанды қырғыннан аман қалғанЖүнісов
Нұрмағамбет Қасымұлы 1919 жылы уездік Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда),
Октябрь ауылында, жұмысшы отбасында дүниеге келген. 
Ол
үш қыздың ортасында бір ұл болып өскен. 1937 жылы Ленинградтағы әскери
училищеге оқуға түседі. Училищені аяқтаған соң лейтенант шенімен фин соғысына
қатысады. Ұлы Отан соғысының бірінші күнінен бастап атты әскерге шақырылады.
Бұл уақытта ол 22 жаста болатын. 
Соғыс
тарихы бойынша атты артиллериялық әскери дивизионның Ленинградты қорғау
шайқасындағы қиын жағдай барлығына белгілі. Балалары мен немерелерінің сұрауы
бойынша соғыс туралы әңгіме айту Нұрмағамбет ақсақалға өте ауыр еді және
күрсініп,  көзіне жас ала отырып
әңгімелеп беретін. Кейде таусылмайтын соғыс тақырыбындағы әңгімеге айтатын
жауабы біреу еді: «Сіздер бейбіт заманда өмір сүріп отырсыздар,  бір-бірлеріңізді сақтаңыздар… Менің
көзіммен көргендерім тек менің ғана өткен өмірім болсын, Сіздерге оны білудің
қажеті жоқ және бейбіт өмірде тыныш өмір сүріңіздер».
Ленинград
қоршауындағы қанды соғыстан аман қалу тарихта ұмытылмастай болып қалды. 1943
жылы Ленинград соғысында Нұрмағамбет Жүнісовтің дивизионының барлық қолы
фашистермен бірге талқандалды. Қанды қырғыннан тірі қалғандарды іздеуге шыққан
топ әл үстінде жатқан жауынгерді екінші рет тексеру кезінде тауып алады.
Нұрмағамбет осы шайқаста тірі қалған жалғыз жауынгер еді. Қырғын соғыстан аман
қалған қазақ жауынгері госпитальға жөнелтілді.
Сауығып
шыққаннан кейін 1944 жылдан бастап ол ХІІК (НКВД) жұмыс істеді. Сол жылы
Нұрмағамбет ағай Күмісай апаймен кездесіп, отбасын құрып,  соғыстан кейінгі жылдары үлкен шаңырақта тату
– тәтті өмір сүреді. Жүнісов Нұрмағамбет Қасымұлы 1968 жыл мен 1980 жылдары
аралығында Советтік өрттен қорғау саласында қызмет атқарды. Сол жерден
зейнеткерлікке шықты. Оның еңбек жолы бұнымен тоқтамады. Жұмыссыз, қол қусырып
үйде  отыра алмайтын азамат жолдастарының
шақыруымен обком партияның автокөлік гараждарының меңгерушісі болып жұмыс
атқарады.
Нұрмағамбет
Қасымұлы бала тәрбиеледі және немере-шөберелерінің алдында, қартайған шағында
дүниеден өтті. Ол уақытты балаларымен өткізгенді, олармен шахмат, шашка
ойнағанды, бақша өсіруді жақсы көретін.
Жүнісова
Әлия Нұрмағамбетқызы әкесінің ең сүйікті қызы болды.
Ұлы
Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығы қарсаңында Әлия Советтік өрттен қорғау
саласының ардагері туралы әкесінен естіген тарихты әңгімелеп берді. Ол «Әкем
өте қатал, көп күлмейтін, үнемі ой үстінде отыратын, біз соғыс туралы сұрауға
жасқанатынбыз және әкем сұм соғысты есіне алмауға, айтпауға тырысатын», – деп
есіне алды.
Отанымызды жаудан азат еткен ата-бабаларымызға
бізге осындай жарқын да бейбіт өмір сыйлағандары үшін басымызды иеміз және біз
оларды, олардың  ерліктерін ешқашан
ұмытпай, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге міндеттіміз.
 
Қызылорда облысы ТЖД
«ӨС және АҚЖҚ» ММ
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз