АРДАГЕР ҚАЛАМГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

66

0

АРДАГЕР ҚАЛАМГЕРГЕ ҚҰРМЕТСыр бойындағы журналистика­ның қалыптасу мен даму кезеңдерін зерделеген адам екі тілде шығатын облыстық газеттерге соқпай өтпейді. Аймақ басылымдарының атасы саналатын 85 жылдық тарихы бар «Сыр бойының» ізін ала «Кызылординские вести» газеті де осы белесті бағындырады. Басылымда әр жылдары еңбек еткен қаламгерлер бүгінгі буынға ақыл-кеңесін айтудан жалыққан емес.

Т.Жүргенов атындағы Шығар­ма­шылық үйінде ардагер журналист Валентина Баранованың 80 жылдығына арналған кездесу аға ұрпаққа құрмет көрсету сипатында өтті. Алдымен «Кызылординские вести» газетінің бас редакторы Тимур Қасымов мерейтой иесін құттықтап, сый-сияпат көрсетті. Журналистер Игорь Титенок, Мира Жакибаева, Жолдасбек Ақсақалов, «Қоғамдық келісім орталығының” бөлім басшысы Асылбек Жұмабаев, «Сыр медиа» ЖШС ардагерлер кеңесінің төрағасы Әскербек Рахымбекұлы қалам қары­мы­мен танылған мерейгерге ізгі тілектерін жеткізді.

Валентина Баранова билік пен бұқара
арасына алтын көпір салған қаламгер. Оның қаламынан туған сын материалдар мен
очерктер елеусіз қалмайтын. Сондықтан болар, оны оқырмандары бүгінге дейін
таниды, біледі. Жағдайын, мұқтаждығын айтып келетіндер әлі күнге дейін оның
есігін қағады.

В.Баранованың балалық шағы соғыс
жылдарына тұспа-тұс келді. Әкесі соғыста мерт болды. Анасы екеуіне
оккупацияланған аймақтан бас сауғалауға
тура келді. Кейін Қазақстандағы тың игеруге жолдама алды. Алпысыншы жылдардың
соңында тағдыр оны Сыр бойына әкелді.

– Мен үшін журналистика мамандық емес,
жан қалауы. «Путь Ленинада» алдымен корректор, кейін тілші болып жұмыс істеуім
тағдырымның сыйы деп білемін, – деді ардагер журналист кездесуде.

Кездесу соңында мерейтой иесі
әріптестеріне алғысын айтып, бүгінгі ақпараттық дәуірдегі журналистиканың
бағытына қатыс­ты ойларын ортаға салды.

М.МЕРЕЙ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз