БӨРІБАЙ АТА ӨТКЕН ЖОЛ

50

0

Тоқсан жастың төріне шыққан Бөрібай ақсақал әлі тың.
Сонау жыл­дардың естелігін жадында жаң­ғыртқанда ай-күнінен еш жа­ңылмайды.
Өткен ғасырдың жи­ырмасыншы жылы
Сырдария ау­данына қарасты Аманкелді ауы­л­ында
дүниеге келген Бөрібай ау­ылдағы
«Зіңкетер” бастауыш мек­тебінде сауатын ашып, кейін қа­ладағы «І Май”
мектебінде оқиды. Бүкіл елге жұт боп келген 1932-ші жыл бұл отбасын да айналып
өт­педі. Әке-шешесінен бірдей көз жазған Бөрібай жетім балалар үй­­інде
тәрбиеленді. Еті тірі жас­өс­пірім жетіжылдық біліммен ау­­ыл­шаруашылық
техникумына оқу­ға түсіп, 1940 жылы агроном-хи­мизатор мамандығын алып шы­ғады.

– Менің өмірім бір-біріне жал­­ғасқан оқулардан
тұрады, – дей­ді Бөрібай ата өз әңгімесінде.– Мұн­дағы техникумды бітірісімен
әскер қатарына шақырылдым да Ресей
Жоғары Кеңесі атындағы жаяу әс­кери училищесінде оқыдым. Үш жылдық курсты біз
жедел бі­тір­дік. Сосын берідегі бейбіт за­манда Ал­маты партия мектебін, ау­ыл
ша­руашылығы институтын бі­тірдім.

Иә, кейін ой елегінен өткізсе, ке­ңес үкіметі кілең
өрімдей жас­тарды әскери училищеде тектен тек жедел оқытпапты. Соғыс
тәсіл­дерін, қару ұстап, қолдануды қысқа
мерзімде үйретуінің арғы жағында жасырынып қауіп-қатерге толы жо­рық жолы жатыр
екен ғой. Отан үшін отқа түсуге даяр кілжиырма жас­тағы жалын жастар от пен оққа тайсалмай қарсы тұрды.

Құрамында Бөрібай Құлма­нов бар 373-ші дивизия қырық
бір­дің қараша айында Калинин май­данына аттанып, Ржев қаласына жақын Торжок стансасына ке­ліп түсті. Одан әрі
жиырма шақы­рым­­дай жаяу жүрген әскерилер не­­містер басып алған аймаққа жа­­қын орналасты. Дивизия ко­ман­­дирі Горбунов кіші ко­ман­дир­­­лерді полк
командирі Абра­симовтың командалық пунктіне ша­­қыртып, жағдайды жан-жақты баян­дады.
Немістердің қай жерде қандай бекінісі барын жеткізді. Сонымен қатар қанша күнге
со­зы­лары белгісіз ұрыстың ба­ры­сында дивизияға әуеден самолет­тен,
жерде танктен қолдау бол­май­тындығын ашық айтты. Мино­метшілер батальонының
командирі Полосухинге, оның ішінде Бөрібай жетекшілік ететін екінші ротаға жау­дың
бекіністері мен окоптарын, траншейлері
мен блиндаждарын минометпен атқылап, жаяу әскер батальонының ілгері жылжуына жол
ашу жүктелді. Мақсат – ал­да­ғы,
әзірге жау қолында тұрған «Сосновка”
селосын дұшпанның құр­сауынан босатып, соған барып бекіну еді.

Алапат атыс екі күнге созылды. Жан алып, жан беріскен
соғыста жаудың бірнеше окоптары мен тран­шейлері және төрт блиндажы жой­ылды.
Бұлар жаудың өзінше жүретін қару-жарақтары мен бірне­ше автомашинасын олжалады.
Се­ло­ны жаудан босатқан ке­ңес әс­керлеріблиндажда жасырын­ған неміс офицері мен бірнеше сол­да­тын қолға
түсірді. Осы ұрыста лей­тенант Астапов жетекшілік ететін рота минометшілері
Миланов пен Савельев жаудың екі пулеметін жой­ып, бірнеше блиндажын құрт­ты.
Иә, «Сосновка” селосын жау­дан азат ету оңайға түскен жоқ. Тү­сі суық,
бақайшағына дейін қа­руланған дұшпан әскері әбден бекініп алған. Селода бас
көтерер еркек кіндік жоқтың қасы, кемпір-шал, әйелдер мен балалар ғана. Со­ғысқа
алдын ала дайындалған жау әскерінің мұртын балта шаппайды. Өздерінің жеңіске
дереу жететінде­ріне әбден сеніп алған болуы керек, кеңес жерінде алшаң
басады. Олар­дың алғашқы пәттегі қарқыны
қарапайым халықтың зәресін алға­ны да, кеңес әскерінің дегбірін қа­шыр­ғаны да
рас-ты.

– Осы алғашқы бекіністі алу біз­ге де жеңіл тимеді.
Қаншама сол­дат қаза тапты. Олардың ара­сында минометшілер ротасының ко­мандирілейтенант Морозов та бар болатын,– деп еске алады қарт майдангер. –
Селоны жаудан бо­сатқаннан кейін аздап әл жиғандай болдық, қаза болған
солдаттар ор­ны толықтырылды, қару-жарақ қай­­та жасақталды. Соғыстың аты со­ғыс,
жайқалып жүруге мұр­ша қайда? Біздің двизияға Пет­ровка елді мекенін неміс
басқын­шыларынан азат ету міндеті жүк­телді. Ол күндерді еске алсам, әлі күнге
жүрегім дүрсілдейді.

Бөрібайдың денесі түршігеті­нін­дей бар екен, Петровка
село­сын жаудан босату өте қиынға түс­ті. Мықтап бекінген немістерге ал­дымен
самолеттен бомба тасталды. Сосын өткендегі жаудың өзінен олжалаған қаруды
өздеріне қарсы қолдану идеясы жүзеге асырылды. Шабуыл барысында Бөрібай же­текшілік
ететін минометшілер ро­та­сын бір жерден
екінші жерге кө­мекке жіберіп отырды. Терең қа­зылған окоптарда, блиндажда,
жеке үйлердің тасасында жасырынған жеке жау атқыштарын жоюда ми­но­мет
таптырмайтын құрал са­на­­лады. Алыстан көздейтін ар­тил­лериямен болмаса
жақыннан ата­тын автоматпен ала алмайтын жер­дегіні миномет снарядымен
алуға болады. Соғыс бәрін де үйретеді екен. Бөрібай жаумен жағаласа жү­ріп
көптеген соғыс тәсілін де, ұшып келе жатқан оқтан қорғана білуді де үйренді.
Өзгелерге де үйретті.

Петровка селосын жаудан боса­тып, алға қарай шабуылдап
бара жатқандарында жасырынып қалған екі неміс автоматшысы арттарынан оқ
жаудырып, бұларды біраз алаң­датқаны бар. Неміске де жан ке­рек, өздері бұларға
оқ жаудыра са­лып, орманға қарай қашқан екі ав­томатшы кеңес солдатының оғына
ұшты. Осы ұрыста Бөрібай ауыр жа­рақат алды. Жон арқасынан ти­ген минаның жарқыншағы үш-төрт қабырғасын сындырып, өкпенің шетін
ала іште тұрып қалыпты. Кө­ретін жарығы болар, есінен та­нып, далада қансырап
жатқан же­рі­нен село адамдары бір үйге апа­рып, алғашқы көмек көрсетіпті, кү­тім
жасапты. Олар Бөрібайды әс­кери госпиталь қызметкерлеріне тапсырғанша көп көмек
көрсеткен екен.

Әскери госпитальда, арнайы ау­руханада емделгенен
кейін Бөрібай Құлманов Алматыдағы Шерстюк басқаратын 32-ші бригада 29-шы полкінің қарамағына
жіберілді. Ми­номет ротасының командирі
бо­лып сайланған Бөрібай әскерге шақырылған азаматтарды соғыс тә­сілдеріне
жаттықтырып, оқытты, майданға жіберумен айналысты. Өзі де 1945 жылы наурыз
айында өз­дері дайындаған солдаттардан ар­найы батальон жасақтап, бірінші
Белорус майданы жауынгерлерінің құрамында ұрысқа кірді. Польша­ның Ченстакова,
Бреслау қалалары мен немістің Штеттин қаласын жаудан тазартуға атсалысты. Не­міс­тер
басып алған жерлерден құл­дыққа айдалып кеткен Ке­ңес Одағының азаматтары
босаты­лып, елге қайтарылды. Сондай тапсыр­маларды мүлтіксіз орындағаны үшін
комбат Литвинов лейтенант Бө­рібай
Құлмановқа алғыс айтып, қанжар сыйлады. Ұлы Жеңістің куә­сі әрі ескерткіші
ретінде ол қанжар ардагердің отбасы мұра­жай­ында әлі сақтаулы. Бөрібай өз қа­руластарымен
бірге Штеттин қа­ласында Кеңес әскерінің Берлин қаласын босатқан 2 мамыр мен
қан­­құйлы Гитлер тізе бүккен 9 мамырЖеңіс күнін тойлады. Бү­­кіл ел Ұлы Жеңіс мерекесін той­­ласа да,
Бөрібай үшін соғыс одан әрі жалғасты. Ол ерекше тап­сыр­мамен Қытай Халық
Респуб­ликасының Сыньцзян өлке­сін­дегі
қақтығыстарды басуға қа­тысты. Сөйтіп оның өмірінің ал­ты жылы әскер қатарында
өтті. Әрине, ол жылдар текке кеткен жоқ.Бөрібай Құлманов Ржев қа­ла­сының түбіндегі қырғын ұрыс­та көрсеткен ерлігі үшін «Қы­зыл Жұлдыз”, Польшаны және Гер­манияның
Штеттин қаласын жау­дан азат етуге қатысқаны үшін бірінші дәрежелі «Отан со­ғы­сы”
ордендерімен, бірнеше меда­льдар­мен марапатталды.

Бөрібайға туған жерге оралу ба­қыты 1946 жылға сәйкес келді. Бей­біт еңбекке
белсене араласты. Об­лыстық партия
комитетінде ау­­­ыл­шаруашылық бөлімінің нұс­­қаушысы, аудандық партия ко­­­митетінің
екінші хатшысы, МТС директоры, облыстық ау­ыл шаруашылығы басқармасы бас­шы­сының
орынбасары се­кілді жауапты міндеттерді мін­сіз атқарды. Біршама уақыт Қаза­лы аудандық партия ұйымын бас­қар­ды. Осындай
жауапты қыз­мет­терде жүріп, алдымен Алматы жо­ғары партия мектебін, сосын ау­ыл шаруашылығы институтын бі­тірді. Одан
кейін де Бөрібай аға об­лыс экономикасының дамуына бел­сене атсалысты.
Мемлекеттік, халықтық, партиялықбақылау жүй­е­сінде ұзақ жылдар
бойы бас­шылық қызметтерде болып, құр­метті еңбек демалысына шықты.

Бөрібай Құлмановты тұстаста­ры, қызметтестері бір
сөзділігі, уә­деге беріктігі, талапшылдығы үшін құрметтейді. Оның кемшілік
көрсе төзбейтін мінезі он алты жыл облыстық партия комитетіндегі пар­тиялық
бақылау комиссиясын басқарған тұсында айқын көрінді. Әшейінде жайдары, әзілқой,
көп­пен бірдей көрінетін Бөрібай пар­тия ұйымының жұмысынан кем­шілік көрсе
қаһарланып шыға ке­летін. Жо-жоқ, ол ашу шақырып, ешкімді балағаттамайтын, өз
қыз­ме­тін пайдаланып, ешкімге күш көр­сетпейтін. Тек алапат соғыс көр­ген
майдангердің түсі суып ке­тетін-ді. Сосынкемшіліктің сал­дарын жоюдың шараларын көр­сетіп, орындауға уақыт
беретін. Ол мерзім жеткенде Бөрібай іс­тің қорытындысын талап ететін. Сон­дықтан
да көпшілік ісін мінсіз атқа­руға ұмтылушы еді.

Иә, құлагер аттай зулаған өмір естеліктерге айналыпты.
Ке­ше­гі соғыс, қалпына келтіру жыл­да­рындағы елдің ес жиып, етек жа­буы,
бейбіт өмірдегі қызмет, май­дандас, қызметтес болған абзал жан­дар, олардың жан
жадыратар жақ­сы істері – бәрі де естелік еншісінде қалыпты. Тоқсан деген
жастың төртеуіне келіп отырған Бөрібай атаҚұлмановтың өмірге өкпесі жоқ. Сонау1946 жылы жоғары партия мектебінде оқып жүріп қосылған сол кездегі ЛКСМ Орталық комитетінің жауапты қызметкері,
кейін ұзақ жылдар бойы балабақша меңгерушісі болған, өзі­мен жарты ғасырдай
бірге тату-тәт­ті ғұмыр кешкен жан жары Фа­тиманың өмірден озғанына да жеті жылдың жүзі ауыпты.
Екеуінің от­басынан өрбіген ұрпақтары ана үмітін ақтап, әке қуанышын арт­тырып
отыр. Үлкені Шолпан – ме­дицина ғылымының докторы, Гүл­нұры – дәрігер,
Светланасы – қа­ладағы «Парасат” мектебінің ди­ректоры. Балалары аялап, бар жағ­дайын
жасайды, немерелері мен шөберелері «аталап” алдынан ке­се өтпейді. Бөрібай
атаның ба­ғамдауынша, бақыт деген осы
болар, сірә. Иә, адамның ұрпа­ғымен мың
жасайтыны рас болса, бүгінгі біздің әңгімемізге арқау бол­ған майдангер Бөрібай
ата Құл­мановтың жүріп өткен өмір жолы келер ұрпаққа үлгі-өнеге, өз ұрпағына
мақтаныш болары хақ.

Жұмагүл ОРАЛБАЕВА.

Қызылорда қаласы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз