ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

135

0

Раима Нарым­бетова­ның
политех­ни­ка­­лық кол­леджде химиялық тех­нология жә­­не өндіріс ма­мандығы
бой­ынша ар­нау­лы пәндер оқы­ту­­шысы
болып жұмыс іс­те­геніне де жиырма жыл­дан асыпты. Өз ісін жетік білетін маман әр­дай­ым ізденіс
үстін­де жү­ре­ді. Жоғары са­натты ұс­таздың қол жеткізген же­­тістіктері де
баршылық. Хи­мия-биология пәні мұғалімдерінің рес­­пуб­ликалық І съезінің деле­гаты,
об­лыс әкімінің «Үздік мұға­лім-2010”
номи­нациясының иеге­рі. Ол сонымен қатар «Білім. Ғы­лым. Инновация: Өзекті
мәселе­лермен даму жолдары” ІІІ респуб­ликалық
ғылыми-тә­жірибелік конфе­ренция­сына белсене қа­ты­сып, ғылы­ми
баяндама жасағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Раима Әмитқызының бос
уақыты жоқ десе болғандай. Бірде ғылыми-тәжірибелік конференцияның баян­­дамасын
әзірлесе, енді бірде ашық сабаққа дайында­лып жүреді. Тағы бірде оқушыларын ғы­лыми жоба жарыстарына
дайындап жа­тады. Соның бәріне де уақыт
та­ба­тынына таңғаласың. Оның жетек­шілік еткен ғылыми жобалары үнемі жоғары
көрсеткіштерге жетіп, жүлделі орындарды иеленіп ке­леді. Мәселен,
шәкірттері Аягөз Артық­баева мен Ұлбибі Жанетова, Қымбат Байболанова, Римма
Сілтеуова мен Май­ра Қуанышбекова өздері қа­тысқан жарыс­тардан жүлделі ора­лып,
ұстаздарының мерейін бір өсірді.

– Ұстаздың еңбегі шә­кірттеріне
бе­ріл­­ген біліммен өлше­неді, – дейді Раи­ма На­рым­бетова әң­гіме арасында.
– «Хи­миялық талдау ла­боранты” де­ген ма­ман­­дық алып шы­ға­тын жастарды өз
ісі­нің шебері атандыру көп еңбекті, білімді қа­­жет етеді. Берілген білімді тә­жі­рибемен
ұштастыра жүргізу ма­мандықты тез мең­геруге әсер етеді. Сондықтан да шә­кірттерімнің
ғылыми жұмыстармен айна­лысуына
мүмкіндік жасаймын.

Ұзақ жылғы ұстаздық жол,
адал еңбек өз нәтижесін берді. Биылғы ұстаздар ме­рекесі қарсаңында Қы­зылорда
политех­никалық коллед­жінің арнаулы пән мұғалімі Раима Нарымбетова ҚР Білім
және ғылым министрі қолынан «2014 жылдың үздік педагогы” төсбелгісін тағып, 2
миллионға жуық қаржы иеленіп қайтты. Бұл
– колледж ұстаздар қауымының ортақ
қуанышы.

Үздіксіз ізденіс үстінде
жүре­тін ұстаз «Бейорганикалық қосылыс­тардың сапалық талдауы” оқу құ­ралы
авторларының бі­рі. Оқулық техникалық және кәсіптік бі­лім­ді дамыту
республикалық білік­тілік бе­ру ғылыми-әдістемелік орталы­ғының ұй­ым­­дастыруымен
шыққан. Демек, Раима апай­дың алар асулары әлі де жетерлік деуге толық негіз
бар.

Жарқынай ЕРАЛИНА.

Қызылорда политехникалық колледжі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз