МАМАНДЫҚҚА ҚҰШТАРЛЫҚ

143

0

Белгiлi ақын, қаламы жүйрiк журналист Алтай
Үсенұлы жайлы бiр үзiк сыр

МАМАНДЫҚҚА ҚҰШТАРЛЫҚШыр етiп
дүние есiгiн ашқан әрбiр адам баласының алдында сан қилы тағдыр,
тарау-тарау жолдар жатады. Бұлтарысы мен
бұрылысы көп жолдың тақтайдай тегiс не түзу болмайтынын бәрiмiз жақсы бiлемiз. Адам алдында қандай тағдыр тұрғаны бiр Аллаға ғана аян. Дегенмен де
жанұядағы жылылық, қоғамдағы үйлесiмдiлiк, өскен ортадағы игi қарым-қатынас,
бәрi-бәрi адам тағдыры үшiн аса маңызды тетiк
десем артық айтқандық бола
қоймас.

Менiң
өмiрде бiр байқа­ғаным, қай кезде де жақсы адамдар жүрген ортасына iзгiлiк шуағын шашып,
жан-жағына шаттық сыйлайтындығы. Олар өз
болмысымен өзгелерге бағыт-бағдар көрсетiп, оның бүтiн бiр болашағына түбегейлi
өзгерiс жасап жатқандығын кейде байқай
да бермейдi.

Мамандығым
журналист бол­­ған­дықтан мектеп оқушы­лары ортасында жиi болып тұрамын. Шәкiрттер кө­бi­не-көп бұл
мамандықты таң­дауымның себебін сұрайды,
шығармашылықпен қай кезден бастап айналыса бастағанымды білгісі келеді.

Осындай
сауалдар қойыл­ғанда менiң көкейiмде
бала қиялыма қанат бiтiрiп, тыр­нақалды
мақала мен жыр жолдарымды аудандық «Қармақшы таңы» (бұрынғы «Коммунизм
шамшырағы») газетi бетiне жариялап, қаламымның ұшталуына бiрден-бiр себепкер
болған азамат – аудандық басылымның бас редакторы, халық қалаулысы,
республикаға танымал ақын, белгiлi журналист-жазушы, үлкен жүректi ұстазым
Алтай Ұсенұлына деген шәкiрттiк
ризашылық сезiм тұрады.

Мен
аудандық басылыммен шығармашылық
байланысымды оқушы кезiмнен бастадым. Ең алғашқы «Кеш қызықты өттi» деп
аталатын шағын хабарым жарыққа шыққандағы қуанышымды сөзбен айтып жеткiзу
мүмкiн емес. Сондағы басылым басшысының: «Ре­дак­цияға мектеп өмiрiнен жаңалықтар жазып тұр, адам
жазған сайын төселе бередi» – деген сөзi бүгiнгi күндей жадымда сақталып қалды.

Мектеп
бiтiргеннен кейiн құрылыста екi жыл еңбек еттiм. Комсомол бригадасын құрып, бiр
сыныптан үш қыз жастарға екпiндi еңбек үлгiсiн көрсеттiк. Аудандық газетке «Үш
құрбы» деген тақырыппен бiз туралы репортаж жарияланды.

Мен қайда
жүрсем де қо­лым­нан қаламымды таста­мау­­ға тырыстым. Әйтеуiр бiр тыл­сым күш
менi редакцияға жете­лейтiн де тұратын. 1992 жы­лы аудандық басылымда iс
жүргiзушi болып жұмыс iстеп, мақалалар
жаздым. Сол жылы газеттiң 60 жылдық мерекесiне орай, ынталандыру сыйлығына ие
болдым. Мұқабасы қалың кiтапты бас редактор Алтай Үсенұлы өз қолымен тап­сырғаны
арада жиырма екi жыл уақыт өтсе де әлi
көз алдымда. Сірә, мұндай сәттер адам санасында сәулеленiп тұра беретiн болса
керек.

Сол 1992
жылы Алтай ағам маған сенiм артып,
болашағым үшiн аса маңызды мамандық
таңдау кезеңiнде нақты бағыт-бағдарды
айқындауыма себепшi болды. Қабiлетiме сеніп, әл-Фараби атындағы Қазақ
Ұлттық мемлекеттiк университетiнiң
журналистика факулътетiне жолдама бердi.

Бағым
жанып, қарашаңы­рақтың студентi атандым. Жоғары оқу орнын тәмам­дағаннан кейiн
бiрер жыл кәсiптiк мектепте қазақ тiлi
мен әдебиетi пәнiнен сабақ бердiм. 2005 жылы аудандық газетке әдеби қызметкер
болып орналастым. Қазiргi таңда өзiм құштар болған мамандық бойынша қызмет
атқарудамын.

Мен қандай
да бiр жетiстiкке қол жеткiзсем, соның қабатында ұстазымның өлшеусiз еңбегi
жатыр деп есептеймiн. Алтай Үсенұлы
менiң ғана емес, мен секiлдi ондаған жастардың, тiптi қалам тербеп
жүрген бiрқатар аға буын өкiлдерiнiң де үлгi тұтар ұстазы. Қолына қалам ұстаған
жас та, жасамыс та ағамыздың маңайынан табылып, одан ақыл-кеңес сұрайтынының
талай куәсi болып жүрмiз.

Ол 1972
жылы №105 орта мектептi аяқтағаннан кейiн аудандық газетке жұмысқа қабылданып,
келер жылы қазақтың әл-Фараби атындағы Ұлттық университетiнiң журналистика факультетiне оқуға түсiп,
журналист мамандығын алады. Жазған мақалалары мен өлеңдерi, дастандары мектеп
қабырғасынан бастап аудандық, облыстық, республикалық бас­па­сөз беттерiнде
жарияланып келедi. Сексенiншi жылдардың басында
«Қарлығаш», «Тамшы дауысы» атты жинақтары оқырман қауымның жоғары ба­ға­сына
ие болса, «Дария жыры», «Жүректегi жауһарлар», «Бастау», тағы басқа
топтамаларда өлеңдерi жарық көрген. 1980
жылы республикалық «Жiгер» фестивалiнiң лауреаты атанған.

Бiлiктi
басшы әрiптестерi арасында үлкен беделге ие. Ұжым мүшелерiне қай кезде де
ағалық қамқорлығын жасап жүредi. Осы
тұста кейбiр басшы жастар Алтай ағадан үлгi алса деген ой
ерiксiз ойға оралады. Еңбекте талапшыл
басшы iзiн қуып келе жатқан газет тiлшiлерi Нұрбай Жан­әдiлов, Гүлжанат Дүзенова,
Алтыншаш Кетебай, Тұрар Бекмырзаевтарға өз тәжiрибесiн үйретуден жалыққан емес.

Адамгершiлiк
пен талап­шыл­дығының арқасы болар, 2007 жыл қорытындысымен «Қармақшы таңы»
газетi «Президент Жолдауының талабы –
бәсекеге қабiлеттi бұқаралық ақпарат құралдарын құру» атты II облыстық медиа
форумында «Аудан айнасы» номинациясын иеленіп, ең үздік аудандық басылым
атанды. Ал басылымды 24 жылдан бері басқарып келе жатқан Алтай Үсенұлы 2008
жылы облыс әкiмiнiң стипендианты атанды. Бiр мәрте аудандық кеңеске, төрт мәрте
аудандық мәслихатқа депутат болып сайланды.
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы
партиялық бақылау комиссиясының төр­ағасы. Сондай-ақ, аудан­дық
мәслихаттағы «Нұр Отан» фракциясының жетек­шi­сi. Ха­лық қалаулысы «Тәуел­сiз­дiктiң 20 жылдығы» медалінің
иегері.

Алтай
Үсенұлы ұжымда шебер ұйымдастырушы болса, отбасында Талант, Қайрат, Құралай,
Гаухар сынды ұл-қыздарының асқар таудай әкесi, немерелерiнiң ардақты атасы. Жан
жары Баян Табанқызымен бiрге өмiрде де,
еңбекте де абырой биiгiнен көрiнiп келе
жатқан парасатты жандар.

Халық
даналығында: «Жақ­сы­ның жақсылығын айт – нұры тасысын», – деген ұлағатты сөз
бар. Мен де қолыма қалам алып, алғысымды осы мақалам арқылы жеткiзгiм келдi.
Өмiрде жол көрсетер Ұстазыңның бол­ғаны бiр бақыт болса, онымен бiр ұжымда
еңбек ету екiнің біріне бұйыра бермес бақыт емес пе…

Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз